Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар19173983
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 12363 15574 27937 18906466 196978 400573 19173983 Сіздің IP: 216.73.216.187
Уақыт: 2025-09-16 14:43:35
|
Республикалық курстар өз мәресіне жетті
Павлодарда 15-24 қазан күні аралығында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының негізінде «Қосымша білім беру ұйымдарының әдістемелік қызмет жұмысының инновациялық жолдары» тақырыбында республикалық курс жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға ПМПИ мен С.Торайғыров атындағы ПМУ оқытушылары сабақ берді. 24 қазан күні республикалық курс қатысушылары соңғы рет ПМПИ кәсіби оқытудың теория және әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Байтанаева Майра Амангазиевна жүргізген «Шеберлік-сынып педагогикалық тәжірибені көрсету нысаны. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің негізгі бағыттары мен түрлері» сабағына қатысты. Түстен кейінгі уақытта тыңдаушылар М.М.Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайының әдіскері Кибатова Самал Бакубаевна өткізген «Қосыша білім беру ұйымдарының әдістемелік қызмет жұмысының инновациялық жолдары» дөңгелек үстелінің қатысушылары болды. Сонымен қатар бүгін «Қосымша білім беру ұйымдарының әдістемелік қызмет жұмысының инновациялық жолдары» тақырыбында өткен республикалық курс жұмысының тыңдаушыларына салтанатты түрде куәліктер табысталды. Тоғыз күнге жалғасқан курс жұмысы осымен өз мәресіне жетті. |