Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17488782
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 23571 43066 121688 17154813 408733 426494 17488782 Сіздің IP: 3.139.85.192
Уақыт: 2025-04-25 23:41:12
|
«Тарих толқынында» интеллектуалдық конкурсының іріктеу туры
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсанында Оқушылар сарайының кіші залында «Тарих толқынында» атты облыстық интеллектуалдық конкурсының іріктеу туры өтті. Бұл тартымды жарыстың мақсаттары: қала және облыс мектептері оқушыларының патриоттық сезімі мен белсенді өмірлік көзқарасын қалыптастыру, балалардың интеллектуалдық әлеуетін жүзеге асыру, ғылыми білімді насихаттау және ғылыми қызметке қызығушылықты дамыту, дарынды және талантты балаларды айқындау болып табылады.
Іріктеу турында оқушылар тұлғасын өзін-өзі тануына және өздігінен іске асыруына, бір-бірімен дұрыс бәсекелестікті дамытуына барлық жағдайлар жасалды. Кенжекөл ЖББОМ-ның, № №20, 10, 8 лицей-мектептерінің, К. Макпалеев атындағы № 4 ЖББОМ-ның және № № 34, 22, 29 мектептерінің оқушылары өзара жарысқа түсті. Қорытындасында конкурстың барлық қатысушылары өз таланттарын,интеллектуалдық және танымдық қабілеттерін, шығармашылық белсенділіктерін көрсете білді. Бірақ, қатысушылар жинаған ұпайларды санай отырып, тек қана екі команда финалға шықты: «Тұлпар» (№ 10 лицей-мектебінен) және «Елдің көшбасшылары» (№ 29 ЖББОМ-нен), бұл командалардың мүшелері білімдар екенін дәлелдеді. Балалардың интеллектуалдық және танымдық мүмкіншіліктерін дамуына конкурстың ықпалы зор болды. |