Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар21641479
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7127 9406 46694 21358977 136651 430355 21641479 Сіздің IP: 216.73.216.14
Уақыт: 2026-03-13 13:57:58
|
Қысқы патриоттық ойындар
Қысқы демалыста 8 қаңтар күні М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында Ұлы Отан соғыстағы жеңістің 70-жылдығына орай Павлодар қаласының 14 мектебінің «Жас Ұлан» мүшелері, «Жас Ұлан» қалалық мектеп оқушылары және топ басшалары қатысуымен «Вместе мы – сила! Листая страницы истории» атты патриоттық ойындары өтті. Ойындарды өткізу негізгі мақсаты - жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу, ата-бабалардың соғыс кезінде көрсеткен ерлігін бағалауға, ұжымдылыққа баулу. Ойыншылар түрлі сайыстарға қатысып, тарихты білуін көрсете біліп, ардагерлердің ерлігіне құрмет көрсетті. Көптеген қызықты тапсырмалар ұсынылды. Атап кетсек, достық туралы мақал-мәтелдерді айту, патриоттық әндерді білу. Командаларға қойылатын негізгі талап – бірлікті көрсету, бірлесе шешімдерді қабылдай білу. «Жас Ұлан» қала мектебінің көшбасшылары ойындарды ұйымдастырушылары ретінде шықты. Олар бекеттерді белгілеп, қажетті жабдықтармен қамтыды. Барлық ойыншыларға дипломдар табыс етілді. Әр қатысушы көтерінкі көңіл-күйге ие болғанына кәміл сенеміз. |














