Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12814006
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
3641
7542
34078
12574557
132459
375712
12814006

Сіздің IP: 3.138.200.66
Уақыт: 2024-04-20 13:33:14

Экспонаттар сөйлейді

О чём говорят экспонаты О чём говорят экспонаты

Ұлы Жеңістің 70-жылдығының қарсаңында 11 наурыз күні М.М.Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайында  «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» ұрпақтар жалғастығының жаңартылған мұражайының  салтанатты  ашылуы болды.

Мұражайдың  ашылуында   соғыс және еңбек ардагерлері: Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Алексеевич Солдатенко,тыл еңбеккерлері Дмитрий Никифорович Фалеев және Пётр Алексеевич Гарин, атақты өлкетанушы,  Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражай қорының бұрынғы сақтаушысы Эрнест Дмитриевич Соколкин, облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы, Павлодар қаласының құрметті азаматы Валентина Васильевна Шершнёва, «Майдан жолы»іздеу жасағының №1 бөлімінің командиры  Рафаэль Шамильевич Мухамеджанов, Павлодар облысы білім беру басқармасының өкілдері, облыстық Оқушылар сарайының директоры Алма Жумабайқызы Ерубаева, мұражайдың бірінші жетекшісі және  құрушысы  Людмила Ивановна Асеева, келесі жылдары мұражайға жетекшілік еткен Даметкен Байханқызы Кабулова, бұрында Оқушылар сарайында жұмыс істеген басқа да еңбек ардагерлері,  облыстық арнайы кадет мектеп-интернатының тәрбиеленушілері, облыстық «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының көшбасшылары, Павлодар қаласының басқа да қоғамдық  ұйымдарының өкілдері қатысты.

О чём говорят экспонаты О чём говорят экспонаты

Мұражайдың  дизайні жақсартылып, безендіру  кезінде  заманауи  стеллаждар  және  экспозициялық шкафтар сатып алынды.  Мұражайдың реконструкциядан өткеннен соң жаңартылған экспозициясында бұрынғы жылдардың жұмыс қортындылары ұсынылды: 400 іздеу жұмыстары мен мыңнан астам экспонаттар Ұлы Отан соғысының ең қайғылы тарих беттерінен сыр шертеді.   Майданнан келген үшбұрыш хаттар, құжаттар, фотосуреттер, солдаттардың жеке киімдері, патрондар, оқтар, гильзалар, бақыраштар, дулыға қалпақтар, дүңгірлер, жазу кітапшалары  және тағыда басқа Ұлы соғыстың көне заттары  - уақыт қалдырған  іздердің  куәсі болып табылады. Осы әрбір сөйлейтін экспонаттардың барлығының өзінің тарихы бар ұзақ сапардан өтіп, замандастарға сол дәуірдің  рухын сыйлайды. Оқушылар Сарайының  атымен  аталған  Кеңес Одағының батыры  М.М.Катаевтың өмірі мен ерлігі жайлы  материалдар  келушілердің  қызығушылығын арттырады. «Қызыл із зерттегіштер»жасағына  ӘДӘ Штабы табыс етіп, «Десант-43»бағыты бойынша іздеу-зерттеу жұмысының нәтижелігі үшін мәңгілік сақтауға берген 1943жылғы жауынгерлік тікұшақтың үлгісі мұражайдың көркі болып саналады.  - Бұл мұражай ешқандай мұражайға ұқсастығы жоқ. Басқа мұражайлардан айырмашылығы нақты іздеу бағыттығымен ерекшеленеді – хабар-ошарсыз кеткен сарбаздарды іздеу, біздің мұражайды Жеңіс Естелігінің рухани орталығы деп айтуға толық құқық бар,- дейді Людмила Ивановна Асеева, «Аталар –ардагерлер, немерелер – із зерттегіштер»мұражайының бірінші жетекшісі және құрушысы. - Біздің мұражайдың ең бірінші суретшісі - белгілі қазақстандық суретші және мүсінші Бота Машрапов болды.Ол мұражайды көркемдеуге барлық жан-тәнімен көркемдеді. Мұражайдың экспозициялары нақты шынайы экспонаттардың тарихи мұраны бейнелеуде маңызы зор екенің көрсетеді. Олар тарихты өз көзімен «көруге» көмектеседі,оның рухани тамырын терең сезінуге және халық пен елдің басынан өткізілген тәжірибеден сабақ алуға бағыттайды.

О чём говорят экспонаты О чём говорят экспонаты

Жаңартылған мұражайда тоғыз экспозиция бойынша мына тақырыптар ұсынылған: «Хабар-ошарсыз кеткен жоқ...», «Павлодарлықтар – Кеңес Одағының Батырлары», «Павлодарлықтар – үш Даңқ Ордендарының кавалерлері», «Ұрыс өткен жерлердің қасиетті топырағы», «Аталар - ардагерлер» (Ұлы Отан соғысының ардагерлері жайлы), «Немерелер – із зерттегіштер»(«Қызыл із зерттегіштер»жасағының қызметі туралы), «Эвакогоспиталь № 2448», «Соғыс жылдарының прессасы»,   «Естелік міндеті- Ерлік міндеті».

Түсініктемелер қосу