Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар19903925
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3845 10487 25079 19628472 52964 494996 19903925 Сіздің IP: 216.73.216.23
Уақыт: 2025-11-05 05:09:23
|
Соғыс туралы кітаптарды оқимыз
Ұлы Отан соғысының 70-жылдығы қарсаңында Оқушылар сарайының кітапханасында «Соғыс жайлы кітаптарды оқимыз» атты акциясы өтті. Акция шеңберінде «Жеңістің ұзақ жолдары» және «Қуаныштың жасы мен қазаның ауырлығы» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Оқушылар сарайының үйірмешілері мен қала мектептерінің оқушылары Ұлы Отан соғысы жайлы көркем әрі деректі әдебиетті шолып шықты. Кітапханашы Суворова Татьяна Владимировна оқушыларды «Сто рассказов о войне» атты Сергей Алексеевтің кітабымен таныстырды. Акция қатысушыларын қазақстан батырлары жайлы жазылған кітаптар, еңбек ардагерлері туралы кітаптар, әскери оқиғалар мен фотосуреттер қатты қызықтырды. Булат Окуджаваның әндері орындалып, Константин Симоновтың авторлық орындауында өлеңдер оқылды. Оқушылар өздерінің туған ата-бабалары туралы әңгімелерін айтып, кездесуді қызықты жалғастырды. Акцияның соныңда ескерткіш ретінде барлық балаларға георгиев лентасы табысталды. |














