Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12651197
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
6090
17782
110146
12290016
345362
367470
12651197

Сіздің IP: 44.193.11.123
Уақыт: 2024-03-29 12:18:37

«Отанымның он мейірімді істері!»

«Отанымның он мейірімді істері!» «Отанымның он мейірімді істері!»

6 мамыр күні М. Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70-жылдығына арналған «Отанымның он мейірімді істері!» атты облыстық акциясының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Іс-шара барысында «Үміт сәулесі» атты облыстық кешендік жобасында белсенді қатысқан қала мен облыс балалар-жасөспірімдер ұйымдар жұмысының қорытындысы шығарылып және балалар-жасөспірімдер ұйымдары ең үздік волонтерлік отрядтарының марапаттауы болды, ұйымдастырушысы М. Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайының педагогы Сулейменова Самал Сағатқызы.

«Жас Ұлан»облыстық балалар-жасөспірімдер ұйымы Гагарин және Ленин мәдени және демалу саябақтарын жинастыруына ұйымдастырушы болды. «Жас Ұлан таза қала үшін»атты акциясы туралы «Астана» республикалық телеарнасында сюжет түсірілді.

«Отанымның он мейірімді істері!» атты облыстық акциясының салтанатты жабылу рәсімі барысында жыл бойы өткізілген облыстық конкурстардың ең үздік қатысушылары марапатталған болатын.
Волонтерлердің ең үздік әнұран конкурсында III орынды Шарбақты ауданы «Радуга» тәрбие жұмысының орталығы мен Павлодар қаласының №31 жалпы білім беру мектебі бөліссе, II орынға – Железинка ауданы Михайловская жалпы білім беру мектебі және Павлодар қаласының №33жалпы орта білім беру мектебі ие болса, I орынды № 21 ЖОМ иеленді.

«Отанымның он мейірімді істері!» «Отанымның он мейірімді істері!»

«Есте сақтау беттері» атты Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен бейнесұхбат өткізу конкурсына 13 балалар-жасөспірімдер ұйымы қатысты. Қорытындысында III орынға Екібастұз қаласының балалар-жасөспірімдер ұйымы ие болса, IIорынды №№36 және 38 жалпы білім беру мектептері бөлісті, I орынды №39 ЖОМ иеленді. Рәсім өткізу барысында жеңімпаздың бейнеролигі көрсетілді.
«Жеңімпазға хат»атты шығармалар конкурсында I орынға №30 мектептің оқушысы СахиеваДарига иеленсе, II орынды №30 мектептің оқушысы СайфутдиноваКамила және Екібастұз қаласының №7 мектеп оқушысы Лейман Кирилл бөліссе, ал III орынға Екібастұз қаласының №11 мектеп оқушысы Алдунгарова Адия ие болды.

17 сәуірде өткізілген мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Мисс және мистер Павлодар» атты фестиваліне қатысушыларды сапалы дайындағаны үшін Май ауданы Оқушылар үйінің педагогтеріне алғыс хаттар берілді.

«Отанымның он мейірімді істері!» «Отанымның он мейірімді істері!»

«Отбасы тағдыры елдің тағдырында»атты бейнеальбомдардың облыстық конкурсында «Менің отбасымның сүйікті ісі»номинациясында №8 лицей-мектебінің оқушысы Есенко Егор жеңімпаз атанды, «Менің отбасымның атаулы оқиғалары»атты номинациясында Екібастұз ауданы Байет ЖОМ-нің оқушысы Жақсылық Бекзат жеңімпаз болса, «Отбасылық дәстүрлер»номинациясында №8 лицей-мектебінің оқушысы Байжанова Дария жеңімпаз атанды. «Менің отбасымның тарихы»номинациясында III орынды Железин ауданы Михайловская ЖОМ-нің оқушысы Александра Гайдар және Павлодар қаласының №7 мектеп оқушысыТимофей Сикач ие болса, IIорынды №16 мектептің оқушысы Меруерт Тлеулесова және Павлодар ауданы Заря ЖОМ-нің оқушысы Алтынбек Коппаев иеленді. I орынды Павлодар қаласы №9 мектептің оқушысы Нагуш Степан иеленді.

«Жеңіс күні менің отбасымда» номинациясында III орынды №8 лицей-мектебінің оқушылары Ярослава Кравчук және Горностаев Саша иеленді. II орынды Қашыр ауданы №2 Песчан ЖОМ-нен Лях Алена және Павлодар қаласының №8 лицей-мектебінің Синякова София иеленді. I орынға Павлодар қаласының №8 лицей-мектебінің оқушысы Ева Шевчук ие болды.

Облыстық акцияның жабылуында Екібастұз қаласы, Лебяжі ауданы, №№14, 25, 29, 38, және 40 жалпы білім беру мектептерінің үгітбригадалары слайдтардың сүйемелдеумен өз өнерлерін көрсетті.Рәсім жалпы суретке түсуімен аяқталды.

Түсініктемелер қосу