Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12643186
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
15861
29268
102135
12290016
337351
367470
12643186

Сіздің IP: 44.200.210.43
Уақыт: 2024-03-28 20:21:34

Жазғы таңғажайып

Палитра летних чудес Палитра летних чудес

Міне «Шуақты жаз – Радужное лето» балалар мен жасөспірімдерге арналған жазғы демалыстың бағдарламасы да аяқталып қалды. Бұл іс-шара 2015 жылдың 2-ші маусымнан 10-ші шілдеге дейін М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында 2 кезең аралығында өтті, бірінші кезең 2-19 маусым, екінші кезең 25-маусымнан 10-ші шілдеге дейін жалғасын тапты.

2-ші маусымнан бастап Оқушылар сарайы шығармашылық студиялар мен шеберханалардың ұстаздары демалыстағы балаларға тақырыптық сабақтар өткізді.

Палитра летних чудес Палитра летних чудес

Балалар спорттық ойындар мен эстафеталарға қатысып, эстрада әншілерінің кейіпкері болып, ән айтып, би билеп, сурет салып, ребустер шешті. 4 шығармашылық бекеттер жұмыс жасап, олар өз ішінен бірнеше алаңдарға бөлінді.

Жұманың әр сәрсенбі күні Сарай мүмкіндігі шектеулі балаларды қарсы алды. Оңалту орталығының балалары «Табиғат» бекетінде саяхатқа шығып, «Әдемі-ай» алаңында өнер әлемімен қауышты.

Палитра летних чудес Палитра летних чудес

Сонымен қатар сәрсенбі күндері баспа-орталықтарында және «Луч» шығармашылық бірлесігінде журналистикадан шебер-сыныптар өткізілді. Жазғы демалыс күндері М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Аталар ардагерлер – немерелер іззерттегіштер» атты мұражайы жұмыс жасады. Мұражай жетекшісі Әсем Сыздықова оқушыларға Ұлы Отан Соғысы туралы, жерлес-батырлар жайлы әңгімелеп берді. Оқушылар сарайының планетариясында қала мектептерінің оқушылары космос туралы фильмдерді тамашалады. Жұма сайын Сарайдың өнер ұжымдары келген қонақтарға концерттер әзірледі. Күнделікті демалушы балалардың ағындары жазғы жұмысты ұйымдастырған үйлестірушілер арқылы жүзеге асты. Олар – Сарай жұмыскерлері Бакыт Бекхожина, Самал Сулейменова, Жанна Солтанбекова, Елена Вайберт, Лилия Торощина, Баглан Ашенова, Динара Жаканова, Асем Муслимова. Үйлестіруші штабының жетекшісі - Оксана Петрович.

Палитра летних чудес Палитра летних чудес

Жазғы демалыстың ең соңғы 10 шілде күні Оқушылар сарайының үлкен залында «Жазғы ғажайыптың палитрасы» атты қорытынды іс-шара ұласты. Ойын мен сайыстардан құралған бұл концерттік бағдарламаға 500-ден астам балғындар келіп, көңілдерін көтерді. Оқушылар сарайының «Шуақты жаз» бағдарламасы екі маусым ішінде қала мектептерінен 9 мыңнан астам оқушыларды қамтыды.

Палитра летних чудес Палитра летних чудес

Түсініктемелер қосу