Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12859553
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
4387
9603
38226
12623686
178006
375712
12859553

Сіздің IP: 52.15.63.145
Уақыт: 2024-04-25 22:41:05

Облыс жастары, кел бірігейік!

Молодежь всей области, объединяйся! Молодежь всей области, объединяйся!

2015 жылдың 23 қыркүйек  күні М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Қазіргі таңдағы тәрбиелік кеңістігін ұйымдастырудың қоғамдық бірлестіктегі балалар мен жастардың рөлі» атты тақырыпта мектептегі  мұражай жетекшілері, мектептегі баспасөз орталығының жетекшілері, мектеп тәлімгерлері, «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымдарының үйлестірушілері үшін облыстық оқыту семинары өткізіледі.

«Заманауи тәрбие кеңістігінде балалар және жастар мүмкіндіктерін қолдану» атты тақырыбы аясында «Жас Ұлан» аймақтық біріңғай балалар-жасөспірімдер ұйымының хатшысы Петрович Оксана Владиславовна баяндамысын ұсынды. М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскері Шакиримова Вера Саттарқызы пионерлер қатарынан ЖасҰланға дейін балалар қозғалысының тарихы туралы өз презентациясында мәлімдеді.  Оқушылар сарайының әдіскері Жаканова Динара Орынбасарқызы жалпақ жұртқа «Мектеп омбудсмені» атты жобасының тұсауын кесті.

Молодежь всей области, объединяйся! Молодежь всей области, объединяйся!

Семинар шеңбері аясында Оқушылар сарайының педагогтары мен әдіскерлері шығармашылық лабораториялар өткізді. Семинардың қатысушылары демократиялық азаматтық туралы, балалар құқықтары жайлы, мектеп мұражайлары арқылы патиротизмге тәрбиелеу тақырыптарын талқыға салды.

Молодежь всей области, объединяйся! Молодежь всей области, объединяйся!

Балалар журналистикасы бойынша шығармашылық зертханасында мектеп баспасөз орталықтарының өкілдері оқушылардың тәрбие барысында мектеп газеттеріндегі жаңалықтар туралы сұрақтарды қарастырды. «Бейбітшілік біздің ортамызда!» және «Бір шаңырақ астыңда» атты тақырыптарға сай оқушылармен шығармашылық зертханалар өтті. Аталмыш зертханалар соңында оқушылардың назарына 2015-2016 оқу жылына арналған облыстық «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының «Табысқа апарар жол», «Үміт сәулесі», «Мектеп омбудсмені» және т.б. жобалары ұсынылды.

М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы Балалар бейбітшілік орталығының директоры Сүлейменова Самал Сағатқызы семинардың жас қатысушыларын бітімгершілікке қабылдау рәсімін жүргізді.

Семинарда барлығы 57 педагог, 67 балалар болды.

Түсініктемелер қосу