Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12651813
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
6706
17782
110762
12290016
345978
367470
12651813

Сіздің IP: 44.211.58.249
Уақыт: 2024-03-29 13:39:09

Омбы және Павлодар қаласындағы қосымша білім берудің бүгіні мен ертеңі

Дополнительное образование детей сегодня и завтра, в Омске и в Павлодаре Дополнительное образование детей сегодня и завтра, в Омске и в Павлодаре

2015 жылдың 14 қазан күні облыстағы білім беру басқармасының басшысы Бахыт Бексеитовамен бірге Омбы делегаттары Павлодар қаласының білім беру ұйымдарына барды. Павлодар қаласында Омбы күні аясында мектептер және колледж бойынша экскурсиялар өткізілді.

Қанат Дәржұман атындағы Достық үйінің ұлттық қайта жандану мектебінде павлодар білім беру мекемелері мен Омбы қонақтарының танысулары басталды. Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Дәуірхан Пирмағанбет Омбының ұжымымен кездесті.

Аймақтың мұнай-химия саласы үшін мамандану жұмыс кадрларын дайындау бойынша базалық оқу орны Павлодар химия-механикалық колледжіне Омбының жұмыс делегациясы барып шықты. Қонақтар үшін зертхана бойынша шолу экскурсиясын өткізілді.

Дополнительное образование детей сегодня и завтра, в Омске и в Павлодаре Дополнительное образование детей сегодня и завтра, в Омске и в Павлодаре

«Жас дарын» мамандандырылған мектебінде делегаттарға мектеп туралы көрме ұсынылды. Омбы қаласының топтарына дарынды балалармен жұмыс жүйесі, павлодар оқушыларының әр түрлі деңгейдегі жарыстарда, сайыстарда, зияткерлік, шығармашылық, спорттық жетістіктері туралы әңгімелеп берді.

Омбы делегаттары № 16 ЖОББМ және № 54 сәбилер балабақшасында болды. Омбының қонақтары аула клубтары, Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы, Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы, № 2 көркемдік мектебі, Балалар техникалық мектебінің жұмыстарымен танысты. Балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру, ұйымдардың бос уақытын қамту сұрақтарын жалпы білім беру мектептерімен бірлесу жұмыстарында өздерінің тәжірибелерін барлық мектептен тыс мекемелер тәжірибе түрінде көрсетті.

М.М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында делегаттарға «Аталар-ардагерлер, немерелер-із зерттегішттер» мұражайын, Сарай обсерваториясын көрсетіп, «Луч» шығармашылық бірлестігі мен баспасөз орталығының жұмысымен таныстырды.

Павлодар қаласының білім беруі мен Омбы қаласының білім беру Депортаментінің әкімшілігі сапары аясында «Балаларға қосымша білім берудің бүгінгімен ертеңі. Жұмыстың нәтижелі тәжірибелері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Омбы қаласының делегаттары, облыстық Оқушылар сарайының педагогикалық ұжымы, мектеп директорлары, мектептен тыс мекемелерінің жетекшілері, тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Дөңгелек үстел қатысушылары облыстағы оқушылардың бос уақытын қамтуын, балаларды сауықтыру мен жазғы демалысын, балалар қоғамдық бірлестігінің дамытуының жұмыс тәжірибесімен алмасып, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың инновациялық түрі мен әдістерін енгізу сұрақтары талқыланды.

Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша Омбы қаласының білім беру Депортаментінің әкімшілігі мен Павлодар қаласының білім беру бөлімдері арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Түсініктемелер қосу