Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар20816806
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5437 18387 5437 20557598 150530 433954 20816806 Сіздің IP: 216.73.216.59
Уақыт: 2026-01-12 08:24:45
|
Сәлем, мектеп!
Павлодар қаласының мектептеріне демонстрациялық сабақтармен шығу М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы педагогтарының дәстүріне айналды. Біріншіден, мектеп оқушылары үшін бұндай кездесулер өте қызықты, өйткені олар күнделікті сабақтардан ерекшеленіп және мектеп өміріне әртүрлілік енгізеді. Екіншіден балалар Оқушылар сарайының студиялар мен клубтары туралы мәлімет алады. Қазан айында Оқушылар сарайының педагогтері мен әдіскерлері қаланың № 17,12,23 мектептерінде әдістемелік шығу өткізген болатын. Құқық, экологиялық, көркемдік-эстетикалық және тілдік бағыттағы клубтар және студия жетекшілері 203 оқушы, 15 мұғалім үшін, 18 шеберлік сабақ өткізді. Шеберлік сабақтарды өткізу барысында оқушылар автомобиль үлгілерін жинап үйренді, «Квилинг» техникасында қағазбен жұмыс жасады, үй жануарларының міңез-құлқын зерттеді, скаут қозғалысымен танысты, мексикалық амулеттерді жасауға үйренді, сахналық өнермен, домбыра және қобызда шертуді үйреніп, «Волонтер қызметінің ережесін» қабылдады. Балалар оқушылар Сарайының психологиялық қызметімен таныс болды. Психологтар Оқушылар сарайының сенімдік телефон туралы балаларға хабарлап, оларды қоғамдық қабылдауларға шақырды. «Антарес» астрономия клубы және «Робототехника» үйірмесінің ашылуы, мектеп оқушылары үшін жақсы жаңалық болды. Әдістемелік шығудың қорытындысын шығару барысында мектептерде «Тәуелсіз микрофон» жұмыс істеді, онда өткізілген шеберлік сабақтар бойынша мұғалімдер мен оқушылар жағымды ойларымен, пікірлерімен бөлісті. |














