Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18940200
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 399 10367 40144 18635763 363768 307313 18940200 Сіздің IP: 216.73.216.124
Уақыт: 2025-08-28 01:00:15
|
Жетістіктер қоржыны толығуда!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы балаларға арналған ғылыми-танымдық www.ziyatker.org атты сайтында қашықтан өткізу формасы бойынша конкурс өткізді. М.Катаев атындағы облыстық оқушылар Сарайы әдістемелік бөлім студияларының оқушылары үш конкурстың жеңімпазы атанды. «Туған өлкем, сүйікті өлкем...» атты конкурсы 2015 жылдың 17 тамызынан 15 қазанына дейін өтті. Конкурс қортындысы бойынша «Өркен» үйірмесінің кіші жас ерекшелік тобының тәрбиеленушісі Ульяна Асанова II-ші орынға ие болды. Шығармалар конкурсына үйірме жетекшісі Оспанкулова Асима Советқызы дайындады. «Рауан» әдеби-шығармашылық студиясының жоғары тобының оқушысы, Мадьян Акул ақындар байқауында III-ші орынды иеленді, жетекшісі Юрченко Марина Владимировна. «Қорғау» үйірмесінің тәрбиеленушісі Казбек Әмірхан, «Менің ұстазым» атты бейнероликтер мен презентациялар конкурсында II-ші жүлделі орынға ие болды. Әмірхан «Электрондық презентация» номинациясында жүлделі орынға иеленді. Жеңімпазды байқауға дайындаған клуб жетекшісі Оразбаева Айжан Жұмағұлқызы болды.
|