Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18614216
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 6639 16588 67536 18324797 37784 307313 18614216 Сіздің IP: 216.73.216.237
Уақыт: 2025-08-03 12:03:19
|
Мектеп кітапханашыларының семинары
2015 жылғы 26 қарашада М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында мектеп кітапханашыларына арналған облыстық оқу семинары өткізілді. «Кітапхананың аттестатталуына дайындық кезіндегі мектеп кітапханашысының талдау жұмысы» тақырыбындағы семинар өте өзекті болды. Оқушылар сарайының кітапханашысы Суворова Татьяна Владимировна мектеп кітапханашысының талдамалы қызметінің басты бағыттарын баяндады. Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Кунязова Айсұлу Социалқызы мектеп кітапханашысы жұмысының басты бағыттарына назарын ерекше атап көрсетті. ПМПИ ҒК технологиялық және әдістемелік қамту бөлім басшысы Таженова Марал Абылайханқызы мектеп кітапханашысы қызметін ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету бойынша ғылыми кітапхананың мүмкіндіктерімен таныстырды. Семинарда Павлодар қ. №43 ЖОББМ кітапханасының меңгерушісі Куклина Марина Петровна жұмыс тәжірибесі жоғары бағаға ие болды. Соңында кітапханашылар Оқушылар сарайының кітапханасында жеке кеңестер мен электрондық түрде барлық қажетті құжаттарды көшіріп алуға мүмкіндік алды. Барлық қатысушылар мектеп кітапханасының жұмысында қажетті ақпаратпен қанықтылығын, баяндамалардың түсінікті болғандығы жайлы атап көрсетті. Семинарға Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Железин, Шарбақты, Успен, Павлодар аудандары мен Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларынан 43 кітапханашы қатысты. |