Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12786648
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2466
4254
6720
12574557
105101
375712
12786648

Сіздің IP: 18.191.228.88
Уақыт: 2024-04-16 10:58:46

«Адам құқықтарының күнтізбесі»

«Календарь прав человека» «Календарь прав человека»

М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында 2016 жылдың 21 қаңтар күні «Адам құқықтарының күнтізбесі» атты мектеп омбудсмендеріне арналған тренинг өтті. Іс-шара «Мектеп омбудсмені» атты облыстық жоба шеңберінде болды. «Адам құқықтарының күнтізбесі» ұйымдастырушылары Динара Жаканова және Айжан Оразбаева  тренингінің қатысушыларына  адам құқықтарының көптеген аспектілері туралы, мерекелер, бала құқықтарының Конвенциясы туралы ақпар берді.

«Календарь прав человека» «Календарь прав человека»

Тренингтің бірінші кезеңінде мектеп омбудсмендері құқықтық бағыт бойынша бейнематериалды тамашалап, адам құқықтары туралы ерекше күндері бар күнтізбе жасады. Екінші кезеңде тренинг жетекшілері балаларға арналған ақпараттың жаңа түрін талқылауға кірісті. Тренингтің ересек қатысушыларына облыстық Оқушылар Сарайы бойынша экскурсия жүргізілді. «Адам құқықтарының күнтізбесі» атты тренингіне Павлодар ауданы Ямышев ЖОМ, Май ауданы Жалтыр ЖОМ, Ертіс ауданы Ұзынсу ЖОМ, Павлодар қаласы №№ 1, 4, 5, 9, 13, 18, 15, 19, 21, 22, 24, 25, 28, 29, 31, 35, 36, №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейлерінің оқушылары қатысты.

«Календарь прав человека» «Календарь прав человека»

2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Оқушылар сарайында «Мектеп омбудсмені» атты жобасы екі кезең бойынша жүзеге асырылды. Аталмыш жоба аясында Павлодар қаласы мектептерінің оқушыларына «Құқық білгірлері», «Құық мобильі», «Адам құқығының жарнамасы» атты құқық бағыттары бойынша шеберлік-сыныптар, оқулар, мектеп омбудсмендеріне арналған байқау-конкурстары жүргізіледі.

2016 жылдың 30 сәуір айында «Мектеп омбудсмені» атты жобасының қортындысы жоспарланып отыр.

Түсініктемелер қосу