Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар20824527
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 13158 18387 13158 20557598 158251 433954 20824527 Сіздің IP: 216.73.216.59
Уақыт: 2026-01-12 17:05:32
|
Оқушылар сарайы мен мектептер арасындағы шығармашылық тандем
Павлодар қаласының балалары үшін қыс мезгілі қызыққа толы болды. Оқушылар сарайы бұл іс-шараға белсене қатысып – әр-түрлі студиялардың педагогтары мен әдіскерлері қала мектептерінде шеберлік – сабақтар жүргізді. Желтоқсан және қаңтар айында Павлодар қаласының №№36, 2, 28-ші мектептерінің бесжүз оқушысы мен 10 ұстазы үшін, 20 қызықты сабақтар өткізілді.
Шеберлік-сабақтарда педагогтар оқушыларға шарлардан ойыншық жасауға, сөздерді ұйқастыруға, «дастархан» ұлттық стилінде матамен жұмыс істеуді үйретті. Оқушылар топпен жұмыс жасап, КВН-ге әзіл жазуға үйренді. Сәнқой қыздар үшін эстетикалық студияларының жетекшілері киізден моншақ жасауды үйретті. Кіші жастағы балалар қағаздан жүк машиналарын жасады. Сарайдың педагогтары оқушыларды сахыналық қойылыммен, психологиялық тренингтермен, құқықтық ойындармен, сандық бейне таспамен жұмыс жасауға үйретіп,таңқалдырды. Оқушылар сарайы білім мекемелерімен жұмыс жасау барысында, бұл тек қана балалармен сабақтар өткізу ғана емес, сондай-ақ шығармашылыққа баулу болып табылады. |














