Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12845049
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
19103
4619
23722
12623686
163502
375712
12845049

Сіздің IP: 18.218.127.141
Уақыт: 2024-04-23 23:31:22

Қайырымдылық үшін

Добро во благо Добро во благо
Добро во благо Добро во благо

2016 жылдың 17 ақпан күні жаһанда қайырымдылық күні тойланады. Аталмыш мерекеге орай, Оқушылар сарайының Балалар бейбітшілік орталығы  қайырымдылық істер марафонына белсене қатысты. Балалар бейбітшілік орталығының жетекшісі Самал Сулейменова жас бітімгерлермен  әр-түрлі акцияларды өткізу үшін, мейірімді істердің бағдарламасын құрды. Алдымен орталықтың тәрбиеленушілері екі қарт адамға көмек беріп, үй жануарларына азық сатып алып, әскери әндерді орындап тамаша көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар қала көшелерінде «Комплимент за обнимашки» атты акциясын жүргізді. Бұл акцияға алты қала тұрғындары қатысты. Қаламыздың тұрғындары Балалар орталығының акциясына қатысып, позитивті көңіл-күйге ие болды. Қала тұрғындары аталмыш іс-шара арқылы еріктілер туралы өз пікірлерін білдіріп жатты. Тұрғындар еріктілер туралы ойларын білдіріп, барлық халыққа бейбітшілік пен келісім  тілеп  жатты. Ал мейірімділік  марафонының қортындысында орталық тәрбиеленушілері, Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылына  «Бауырсақ-шоу» атты театрландырылған қойылымдарымен барды.

Орталықтың бес тәрбиеленушісі биі мен сыйлығы бар, ерекше әрі жарқын бағдарлама дайындады. Әртістерді бұл үйде өте жақсы қарсы алды. 38 балаға қонаққа бітімгерлер келді, бұл балдырғандар көпшіл және ұйымшыл еді. Балалар орталығының тәрбиеленушілері бұл балалармен қатынастарын үзбей «досқа хат» жобасын іске асыруды  ойластырды.

Балалар орталығының мейірімді істері осы шарамен аяқталып қалған жоқ. Болашақта әлі көп жоспарлар мен мақсаттар бар, олардың барлығын жүректегі мейірімділік сезіммен, іске асыру керек.

Түсініктемелер қосу