Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12640749
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
13424
29268
99698
12290016
334914
367470
12640749

Сіздің IP: 44.203.235.24
Уақыт: 2024-03-28 17:11:14

Шешендер сөйлейді

Дети говорят с трибуны Дети говорят с трибуны
Дети говорят с трибуны Дети говорят с трибуны

М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында 2016 жылдың 26 ақпан күні қазіргі заманға тән, өзекті және ойын-сауық шоу өтті. Оқушылар сарайы  мен облыстық  «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымы «Бала би»  облыстық шешендік өнер сайысының жартылай финалын  өткізді.

Бұл сайыстың  мақсаты ана тілімізді құрметтеуге үйрету, оқушылардың көркем сөйлеу шеберлілігін жетілдіру, шешендік өнерге деген құштарлықтарын арттыру, тез әрі келісімді шешім қабылдауға бейімдеу, көпшілік алдында жасқанбай өз ойын айта білуге баулу болып табылды.

Шешендік өнер сайысының жартылай финалында Лебяжі ЖОМ, №10 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі,  Ақтоғай ауданы балалардың бос уақытын қамту орталығы,  Баянауыл ауданы З.Ақышев атындағы ЖОМ, Парамоновка ЖОМ, Ақсу қаласы Үштерек ЖОМ, Павлодар ауданы Ямышев ЖОМ, Павлодар қаласы № 12, 35, 40 жалпы білім беру мектептерінің оқушылары жарысты.

Дети говорят с трибуны Дети говорят с трибуны
 

Конкурс бірнеше турларды қамтыды. Қазылар алқасы қатысушылардың ой тереңдігін, тапқырлықтарын, шешендігін, дауға түсу мүмкіндіктерін тексерді.

Жартылай финалдың барлық тур қортындысы бойынша финалға келесі 6 команда өтті: Павлодар қаласы №№12, 35 ЖОМ, Павлодар ауданы Ямышев ЖОМ, Ақтоғай ауданы балалар шығармашылығы және бос уақыттарын қамту орталығы, Баянауыл ауданы З.Ақышев атындағы ЖОМ, Ақсу қаласы Үштерек ЖОМ-нің оқушылары өтті.

Бұл жарыстың қазылар алқасына Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, Республикалық, облыстық көркемсіз оқу шеберлерінің жеңімпазы, ақын Айбек Оралқанов, Павлодар облыстық «Халық радио» жүргізушісі, жас ақын, журналист, «Күрескер қызы қазақтың» кітабының авторы Әсел Мухатова, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ мектеп-гимназиясының тарих пәнінің аға оқытушысы Жарылғапберді Кәрімжан, М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының бейімдеп оқыту ісі жөніндегі директордың орынбасары Меруерт Сәбитқызы енді.

2016 жылдың наурыз айында шешендік өнер сайысының финалы өткізіледі. Облыстық «Бала би» шешендік өнер сайысының жеңімпазы Астана қаласында өтетін Республикалық «Бала би» сайысына жолдама алады.

Түсініктемелер қосу