Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12815145
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
4780
7542
35217
12574557
133598
375712
12815145

Сіздің IP: 3.142.199.138
Уақыт: 2024-04-20 17:35:47

Ең үздің еріктілер жасағы

Лучший волонтерский отряд Лучший волонтерский отряд
Лучший волонтерский отряд Лучший волонтерский отряд

М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Ең үздің еріктілер жасағы» облыстық жобасы шеңберінде жұмыс қортындысы белгілі болды. «Аталмыш шағын жоба 2016 жылдың қаңтар айында іске асырылды, - дейді жоба ұйымдастырушысы және кураторы, Оқушылар сарайы Балалар бейбітшілік орталығының директоры Самал Сүлейменова, - осы кезең арасында бес мыңға жуық бала өздерінің мейірімділік әрі ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті. Ал мыңға жуық – тәлімгерлер, ата-аналар балаларға көмек берді».

Аталмыш жоба үгітбригадалар сайысы және «Отанымның 25 игі істері» атты мейірімділік марафонының екі кезеңін қамтыды. Еріктілер қатары «Мир не обойдется без…» - атты шығармалар сайысында бейбітшілік туралы сөз қозғап, өз қаласы мен ауылдарын тазартты. Бұл жобада ерекше білімдікті қажет ететін балалар және көп балалы отбасы, жетім балалар өздеріне еріктілер секілді тамаша адамдарды достары ретінде тапты.  Еріктілер қарт адамдарға, соғыс және еңбек ардагерлеріне қол үшін беріп көмек көрсетті. Сонымен қатар жас еріктілер жануарлар үйіне азық апарды. Сайысқа қатысып отырған әрбір еріктілер жасақтары бұл әлемге мейірімділікті сыйлады. Дегенмен қазылар алқасы олардың игі істерін бағалап, ішінен «Ең үздің еріктілер жасағы» деген атқа лайықтыларын таңдап алды. Қортындысында, Қашыр ауданының құрама командасы бас жүлдені жеңіп алды.

Қашыр еріктілеріне «Ең үздің еріктілер жасағы - 2016» атты жылжымалы кубок пен атағы берілді. Бұл атақты еріктілер келесі жоба іске асырылғанша екі жыл бірдей алып жүреді. I орын Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы «Болашақ» командасына және Лебяжі ауылы Ямышев ЖОМ-нің «Помогай-ка» командасына, Павлодар қаласы Б.Момышұлы №22 ЖОМ-нің «Спектр» командасына бұйырды. II орын Павлодар қаласы №35 ЖОМ-нің «Ақниет» еріктілер жасағына, Баянауыл ауданы З.Ақышев атындағы ЖОМ-нің «Достық» командасына, Мичурин ЖОМ-нің  «Online.kz» командасына және Павлодар ауданы Чернорецк №2 ЖОМ-нің «Жас патриоттар» жасағына берілді. III-ші орынды №40 ЖОМ-нің «Көмек», Ақсу қаласы Үштерек ЖОМ, Шарбақты ауданы Чигириновка ЖМ-нің «Жаңа өркен» еріктілер жасақтары бөлісті.

Аталмыш жоба 2015 жылдың қыркүйек айында Облыстық балалар бейбітшілік орталығы іске асырған «Үміт сәулесі» мега-жобасының кешенді бағыты болып табылады. Мега-жобаның мақсаты – жас ұрпақты бітімгерлікке, еріктілік іске баулу, оқушыларды қайырымдылыққа, төзімділікке тәрбиелеп, Отанға деген махаббатын ояту.

 

Түсініктемелер қосу