Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22891489
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1793 4922 53398 22612565 105737 270568 22891489 Сіздің IP: 216.73.217.39
Уақыт: 2026-07-12 07:50:25
|
Моншақ және бояу әлемінде
«Әсемдік әлемінде 2016» атты сәндік-қолданбалы өнер көрмесі келушілерге жарқын түстер мен шексіз қиял әлемін сыйлады. 18 мамыр күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында көрме ұйымдастырылды. Көрме қатысушылары болып эстетикалық тәрбие бөлімінің тәрбиеленушілері келді.
Осындай сарында эстетика бөлім ұжымдарының шығармашылық есеп беруі өтеді. Ағымдағы жылы 6 студиялар есеп берді. Олар: «Сюрприз» шығармашылық шеберханасы, «Декор» студиясы, «Палитра» және «Сымбат» бейне студиялары, «Сырмақ» және «Әсем-ай» ұлттық өнер студиялары. Студия жетекшілері көрме келушілеріне өз тәрбиеленушілерінің 82 жұмысын ұсынды. Экспонаттар арасында коллаждар, жүннен жасалған бұйымдар, моншақтан жасалған әшекейлер, жұмсақ ойыншықтар, керамикалық бұйымдар, мүсіндер тағы да бар. Жас шеберлер өз өнерлерін 16 қолданбалы-сән өнерінің бағыты бойынша орындады. Көрменің ашылуына эстетика бөлімінің 60 тәрбиеленушісі қатысты.
|














