Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12810143
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
7320
5749
30215
12574557
128596
375712
12810143

Сіздің IP: 3.133.79.70
Уақыт: 2024-04-19 23:10:49

Эстетика бөлімі тәрбиеленушілерінің жаңа жұмыстары жұртшылық назарында болды

Новые работы воспитанников отдела эстетики представлены широкой публике Новые работы воспитанников отдела эстетики представлены широкой публике
Новые работы воспитанников отдела эстетики представлены широкой публике Новые работы воспитанников отдела эстетики представлены широкой публике

М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында көрме залының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оқушылар сарайының жас шеберлері мен суретшілерінің 120-ға жуық жаңа жұмыстары күз көрмесінің экспонаттары бола алды. Шығармашылық жұмыстар бейнелеу өнері мен қолданбалы-сән шығармашылығы аясында болды.

Новые работы воспитанников отдела эстетики представлены широкой публике Новые работы воспитанников отдела эстетики представлены широкой публике
Новые работы воспитанников отдела эстетики представлены широкой публике Новые работы воспитанников отдела эстетики представлены широкой публике

Ұлттық шығармашылықпен айналысатын Дәуірбек Жақсылыққызының тәрбиеленушілері – жеке экспозиция жасады. Олар гобеленмен тігу, жүннен жасалған бұйымдар, ши техникасында орындалған жұмыстар, ұлттық ойыншықтар жасады. «Сюрприз» студиясы Анна Гогольдің оқушылары болса тоқыма жіптен жасалған шаштары бар әдемі қуыршақтар, жұмсақ аюлар, күлімдеген ұлулар мен тағы да басқа жұмсақ ойыншықтар көрменің жарқын элементі бола алды. «Декор» шығармашылық студиясы педагогы Елена Мирзоян көркем жанрдың әртүрлілігімен ерекшеленеді. Оларға, фоамираннан жасалған бұйымдар, декупаж техникасында жасалған әдемі картиналар мен бисерден өрілген бұйымдар жатады.

Ой ұшқырлығы мен асқақ қиялды «Сымбат» және «Палитра» бейнелеу студияларынан көруге болды. Жеткешілері Елена Каркавина және Васелина Дмитриева. Олар тушь, акварель, гуашь, қарындаш, фломастер, түрлі-түсті саз балшықпен илеу, қауырсында бояу техникаларын қолданды.

Оқушылар сарайы эстетика бөлімінің педагогтары өз студияларында дәстүрді сақтай отыра, оқушыларын әрдайым қолдап отырады. Олар оқу кабинеттерінде ерекше шығармашылық ахуал туғызып, балалар жұмыстарының қортындысын бақылап, әр оқушының шығармашылық өсулерін қадағалап отырады.

Түсініктемелер қосу