Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18271805
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 2686 14948 17634 18010461 2686 386464 18271805 Сіздің IP: 216.73.216.153
Уақыт: 2025-07-01 04:25:03
|
Оқушылар сарайының жас дизайнерлері фэшн-индустрия саласына қадам басты
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Креатив» дизайн студиясы және «Стиль» шаштаразшылар студиясының тәрбиеленушілері өз жетекшілері Лаура Сыздыкова мен Евгения Леденёва «Pavlodarfashionweek 2016» атты қалалық сән қойылымына қатысты. Өз сән нұсқаларын жас сәнгерлер «Театр моды» номинациясында көрсетті. Павлодар қаласында жастардың бастамаларын қолдау орталығы аталмыш «Fashion» көрсетілімін алғаш рет өткізіп отырған жоқ, ал Оқушылар сарайының жас сәнгерлері бұл сән мерекесінде дәстүрлі түрде өз сәндерін көрсетіп отыр. 2015 жылы тігін студиясының қыздары көпшілік қауымға қазақ ұлттық халқының бес киім нұсқасын ұсынды. Ағымдағы жылы «Креатив» студиясының тәрбиеленушілері - «Степные мотивы» атты ұлттық нақыштағы топтамаға тоғыз заманауи көйлектер үлгісін ұсынды. - Ұсынылған көйлектердің барлығы өте бай жаңаша технологиялық өңдеулерден өткен, - дейді «Креатив» дизайн-студиясының жетекшісі Лаура Сыздыкова. Біздің топтамамыздың ең басты элементі қазақтың ою-өрнектері болды. Біздің костюмдер әдемі ұсақ моншақтармен, шыны моншақтармен сәнді безендірілген. Сәнгерлерге өз образдарын толықтыру үшін «Стиль» шаштараз студиясының тәрбиеленушілері көмекке келді. Олар әдемі сәндік-қолданбалы шаш қойылымдарын сәнгерлерге жасап берді. Оқушылар сарайының жас сәнгерлері сайысқа қатысқан үшін бағалы сыйлықтарға ие болды. |