Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12837226
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
11280
4619
15899
12623686
155679
375712
12837226

Сіздің IP: 3.17.6.75
Уақыт: 2024-04-23 16:36:49

Шебер қолдар көрмесі ашылды

Шебер қолдар көрмесі ашылды Шебер қолдар көрмесі ашылды
Шебер қолдар көрмесі ашылды Шебер қолдар көрмесі ашылды

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында оқу жылының басталуына орай эстетикалық бөлімінің тәрбиеленушілері мен педагогтары «Сәлем, Сарай» атты салтанатты көрмесін ұйымдастырды.

Шебер қолдар көрмесі ашылды Шебер қолдар көрмесі ашылды
Шебер қолдар көрмесі ашылды Шебер қолдар көрмесі ашылды

Аталмыш көрмеге жас шеберлердің 250-ден астам жұмыстары ұсынылды. Көздің жауын алатын сәндік жұмыстар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнері бағыттары бойынша болған еді. Сонымен қатар бұл көрмеде «Достық шеберханасы» және «Атамұра» облыстық сайыстары жеңімпаздарының жұмыстары көрсетілген еді. Оқушылардың бойына патриоттық сезімдерін, Отанға деген сүйіспеншіліктерін терең қалыптастыру мақсатында сәндік-қолданбалы бағыт бойынша Отан, Туған жер, Қазақстан туралы әдемі суреттер мен әшекей жұмыстар барша жұрттың назарында болды. «Сырмақ» ұлттық сән-қолданбалы студиясының оқушылары жасаған, ата-бабамыздан мирас болып қалған ою-өрнектері барша жұртышылықты таң қалдырды. «Декор» шығармашылық үйірмесі бисерден, декупаж техникасында және фомиараннан керемет бұйымдар жасады. Ал «Палитра» және «Сымбат» бейнелеу студиялары түрлі-түсті саз балшықтан, бояулар мен қауырсыннан әр түрлі техникаларда жұмыс орындады.

- Оқушылар сарайының көрме залында болсаңыздар, әрдайым ұмытылмас әсер алып, көңілдеріңіз жайдарлы болады. Өйткені, бұл көрмеде әрбір оқушы өз он саусағымен жасаған авторлық туындысын ұсынып отыр, - дейді эстетика бөлімінің меңгерушісі Татьяна Фирсова.

Түсініктемелер қосу