Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12809092
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
6269
5749
29164
12574557
127545
375712
12809092

Сіздің IP: 3.145.186.173
Уақыт: 2024-04-19 19:51:03

Шығармашылық жұмыстардың көркемдігі

Многоцветие творческих работ Многоцветие творческих работ
Многоцветие творческих работ Многоцветие творческих работ

2017 жылдың 30 қараша күні облыстық Оқушылар Сарайында «Туған жер» Республикалық бағдарламасын іске асыру мақсатында «Радуга детских талантов» атты облыстық балалар шығармашылығының фестивалі өтті.

Бұл шығармашылық пен қолөнер шеберлерінің фестивальінде кескіндеме, тоқыма, аппликация, жүнмен жұмыс жасау, қағаз өнері, кесте, квиллинг, пейп-арт, тігу, ағаш кесу, металды көркем өңдеу, табиғи және қалдықтармен өңдеу сияқты 63 жұмыс ұсынылды. 

Многоцветие творческих работ Многоцветие творческих работ
Многоцветие творческих работ Многоцветие творческих работ

Бұл күні қатысушылар сайыскерлердің таңғажайып шығармашылық жұмыстарының арқасында қазақ халқының мәдениетімен және дәстүрлерімен танысты. Аталмыш сайысқа қосымша білім беру ұйымдарынан, жалпы білім беру мектептерінен оқушылар қатысып, Павлодар қаласының балалар қол өнер шығармашылық байқауының жеңімпаздары қатысты. Екібастұз қаласының оқушылары фестивальде белсенділік танытып, байқауға 22 жұмыс әкелді. Ал қалған қатысушылар Павлодар, Ақсу қаласы мен Баянауыл және Май аудандарынан болған еді. 7-18 жас аралығындағы оқушылар қазылар алқасына өздерінің таңғажайып жұмыстарын дайындап әкелді.

Қазылар алқасы үш номинация бойынша жеңімпаздарды анықтаған болатын. «Бейнелеу өнері» номинациясымен кіші жас ерекшелік санаты бойынша Екібастұз қаласынан келген Данияр Ескелдыев «Менің әлемім» суретімен бірінші орынға жайғасты.

Орта жас ерекшелік санаты бойынша Павлодар қаласынан «Астана 2050» жұмысымен Самира Амангелді үздік атанды. «Сәндік-қолданбалы шығармашылық» номинациясы бойынша кіші жас ерекшелік санатында №9 мектеп – гимназиясының оқушысы Дарья Кузьмина қағаздан «Су әлемі астында» жұмысымен ерекше көзге түсті.

Орта жас санатында Екібастұз қаласынан Ксения Волкова «Күй шерткен домбыра» атты жұмысымен жеңімпаз атанды. Жоғарғы санаттағы қатысушылардан 1-ші орынға қол жеткізген Екібастұз қаласынан «Ұлттық әшекейлері» атты аппликация жұмысымен Сабина Колумбаева болды. «Көркем қол өнері» атты номинация бойынша жеңімпаз атанғандар: кіші жас ерекшелік санатында Екібастұз қаласынан – Арайлым Каримова, орта және жоғарғы топтан Ақсу қаласы, Қызылжар мектебінен Темірлан Калиев және Султан Жутаев болды. Арайлым капроннан гүлдер жасаса, Темірлан – сіріңкеден мазардың макетін жасады, ал Сұлтан металдан қыран жасап барша жұртты таң қалдырды.

Облыстық байқаудың жеңімпаздары дипломдарға ие болды. Жеңімпаздарды дайындаған педагогтарға алғыс хаттар табысталды.

Түсініктемелер қосу