Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24498395
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 2925 6148 23939 24241211 282315 527623 24498395 Сіздің IP: 216.73.217.121
Уақыт: 2026-10-22 10:22:50
|
Шеберлі ұстаз – мектеп жүрегі
2018 жылдың 31 қаңтар күні М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының эстетика бөлімінің ұйымдастыруымен «Қосымша білім беру жүйесінде педагогтың кәсіби өзін-өзін жетілдіруінің көкжиегі» атты тақырыбына облыстық семинар өтті. Семинарға Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларынан және Шарбақты, Май, Баянауыл аудандарынан 13 педагог қатысты.
Оқушылар сарайы эстетика бөлімінің меңгерушісі Татьяна Фирсова «Қосымша білім беру жүйесінде педагогтың кәсіби өзін-өзін жетілдіруінің көкжиегі» атты тақырыбына баяндама оқыды. «Күнделікті тұрмыста эко-стильінде тоқыма бұйымдарын қолдану» атты тақырыбында Оқушылар сарайы «Декор» студиясының жетекшісі Елена Мирзоян семинар қатысушыларына шеберлік сабағын ұсынды. Бұл сабақта семинар қатысушылары табиғи материалдардан, сәндік-қолданбалы жұмыстарды орындау технологиясымен таныса алды. «Батикті күрмеп байлау технологиясында майлықтарды жасау» атты тақырыбында «Палитра» бейнелеу студиясының жетекшісі Васелина Дмитриева шеберлік сабағын қызықты дайындапты. Барлық қатысушылар ұлттық жұмыстарды одан әрі орындау үшін жарқын, бұдырлы үлгілері бар мата бояу техникасын түйін батик әдісімен жұмыс жасауды үйренді. «Пейп-арт техникасында бұйымдарды жасау» технологиясын Екібастұз қаласы техникалық мектебінен келген ұстаз Мадина Хамзина ұсынды. Семинар қортындысы бойынша қатысушылар «Алаша тоқу» технологиясын және экостильде бұйымдарды жасау бойынша шеберлік-сабақтарды ұйымдастыруға ұсыныс білдірді. |














