Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24401479
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 4026 8002 4026 24148758 185399 527623 24401479 Сіздің IP: 216.73.217.39
Уақыт: 2026-10-12 07:55:14
|
Жүннан тоқылған бағалы заттар
Дәуірбек Жақсылыққызының бастамасымен «Сырмақ» ұлттық қолданбалы-сән шеберханасының тәрбиеленушілері өздерінің шебер қолдарымен жүннен тоқылған бағалы заттарды істеді. Бұл студияда «Дымқыл жүннен моншақ жасау технологиясы» атты тақырыбы бойынша ашық сабақ өткен болатын.
Екінші оқу жылы бойынша дәріс алып жүрген 12 оқушы жүнмен жұмыс жасады. Педагог жас шеберлерді екі топқа бөліп дайындады. Бірінші топ болса жүнді уқалап, ал екіншілері болса өткен сабақта дайындаған жүнді сәндеді. Педагог кішкентай шебер қол қыздармен ұлттық бұйымдар туралы қызықты сұхбат жүргізді. Сабақтың соныңда қыздар моншақтар, әдемі бас қыстырғыштар, түйреуіштер жасады. Сондай-ақ бұл жерде әр оқушы өзінің жасаған бұйымын ұсынып, шағын ғана көрме ұйымдастырды. |














