Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар19793783
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 9069 14562 9069 19505463 437818 378960 19793783 Сіздің IP: 216.73.216.133
Уақыт: 2025-10-27 17:46:19
|
«Жауқазын» зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары
2019 жылдың 15 сәуір күні Оқушылар сарайының «Білімпаз» эстетикалық тәрбие беру және дамыту бөлімінің тәрбиеленушілері «Жауқазын» VIІІ зияткерлік олимпиадасына қатысты. Олимпиаданың қортындысы бойынша Гиляна Берденова II-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал Исмаил Айбас «Зерек бүлдіршін» номинациясы бойынша дипломға қол жеткізді. Олимпиадаға белсенді қатысқан үшін М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Білімпаз» эстетикалық тәрбие беру және дамыту бөлімі «Ертіс дарыны» орталығы атынан дипломға ие болды. - Аталмыш олимпиада сегіз жыл қатарынан өткізіліп келеді. Біздің тәрбиеленушілеріміз жыл сайын бұл жарыстарда табысқа жетіп жүр. Зияткерлік жарыстың басты мақсаты – облыстық қосымша білім беру орталығының мектепке дейінгі оқытатын дарынды оқушыларын анықтау, - деді «Білімпаз» эстетикалық тәрбие беру және дамыту бөлімінің меңгерушісі Ирина Паскарь. |














