Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12647385
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2278
17782
106334
12290016
341550
367470
12647385

Сіздің IP: 54.221.43.155
Уақыт: 2024-03-29 04:45:50

Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі

Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі
Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі

М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында 6 ақпан күні «Рухани жаңғыру» кабинетінің жоспарына сәйкес «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты  қолөнер бойынша шеберлік сыныптар өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты оқушыларды қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету.

Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі
Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі

Павлодар қаласының №№13, 15, 33, 37, 42  мектеп оқушылары «Шаштың сәні – шашбау», «Оюды жіппен бейнелеу», «Ұлттық бұйым – ұлт мұрасы», «Өру технологиясы», «Сыр сақтаған – Тұмар» атты шеберлік сабақтарға қатысты.

Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі
Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі

Оқушылар сарайының педагогы Лаура Сыздыкованың «Шаштың сәні- шашбау» атты шеберлік сабағында оқушылар шашбаудың тарихын біліп, әдемі шашбауды жасап, шаштарына өріп алды. «Сырмақ» қолданбалы-сән студиясының жетекшісі Дәуірбек Жақсылыққызының  «Оюды жіппен бейнелеу» атты шеберлік сабағында оқушылар қошқар мүйіз оюды жіппен бейнелеп тікті. «Ұлттық бұйым – ұлт мұрасы» атты Елена Каркавинаның шеберлік сабағында оқушылар ою-өрнекті фетр матасына тігіп, қыздарға арналған әдемі сәндік бұйым жасады. Оксана Токсанованың «Сыр сақтаған – Тұмар» атты шеберлік сабағында оқушылар тұмар туралы көп мәлімет біліп, өз қолдарымен фетр матадан тұмар жасап, оны мойшақтармен сәндеді. Павлодар қаласы № 1 ЖОМ-нің технология пәнінің мұғалімі Махмет Қайнарбек ұл балаларға өру технологиясын үйретіп, өрудің бірнеше түрлеріне тоқталды.

Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі
Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі

Қазақтың қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы.  Осы асыл қазынаны жоғалпай, әрі қарай дамыту біздің болашақ жастарымыздың міндеті. Оқушылар аталмыш шарада қазақ халқының ою-өрнектерінің сырын ашып, шашбауды өз қолдарымен жасап, сыр сақтаған тұмардың қасиетін біліп, өру технологиясының түрлерімен танысып, ұлттық нақышта өз қолдарымен бұйымдар жасап үйренді, халқымыздың ою-өрнектердің түрімен танысты. Шеберлік сабақтарға қала мектептерінен 60-қа жуық оқушы қатысты.  Шеберлік сабақтың жетекшілері оқушыларға өз қолдарымен жасаған бұйымдарын сыйлық  ретінде тарту етті.

Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі
Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі

- Қазақ халқы өз ұрпағына өнердің сан – саласын үйретіп отырған. Қол өнері арқылы оқушылардың дүниетанымы, адамгершілік эстетикалық талғамдары қалыптасып, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді.  Оқушылар бұндай шеберлік сабақтар арқылы әсемдікті тани біліп, ұлтық қол өнеріне сусындап, эстетикалық ой өрісі дамиды, - деді әдіскер Асем Аипова.

 

Түсініктемелер қосу