Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12643134
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
15809
29268
102083
12290016
337299
367470
12643134

Сіздің IP: 107.21.176.63
Уақыт: 2024-03-28 20:15:18

Оқушылар сарайында шаш өру өнерінен шеберлік сабақтар өтті

Мастер-класс по плетению волос прошел во Дворце школьников Мастер-класс по плетению волос прошел во Дворце школьников
Мастер-класс по плетению волос прошел во Дворце школьников Мастер-класс по плетению волос прошел во Дворце школьников

М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында 4 наурыз күні «Шаш өру - өнер» атты  қыз балаларға арналған шеберлік сабақ өткізілді.

Мастер-класс по плетению волос прошел во Дворце школьников Мастер-класс по плетению волос прошел во Дворце школьников
Мастер-класс по плетению волос прошел во Дворце школьников Мастер-класс по плетению волос прошел во Дворце школьников

Бұл шараның басты мақсаты қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу, салт-дәстүрімізге құрметпен қарау, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Шараға Павлодар қаласының №№12, 19 ЖОМ-нің, Назарбаев Зияткерлік мектебінің және Абай атындағы №10 лицей-мектебінің оқушылары қатысты. «Шаш өре білу-өнер» атты шеберлік сабақ шаш өрімінің түрлері, шашбау мен шашқаптың түрлері туралы бейнефильмнен бастау алды. Оқушылар сарайының педагогтары Асем Аипова мен Евгения Леденева шаш өру технологиясы, бұрымның түрлеріне тоқталып өтті. Шеберлік сабақты «Стиль» шаштараз студиясының тәрбиеленушілері және олардың жетекшілері Евгения Леденева өткізді.

Әр нәрсеге мән бере қараған ойлы халқымыз сұлудың көркі –шаш, шаштың көркі шаштеңге деп есептеген. Сұлу шашқа тағылған шолпылар қыз-келіншектер жүрген кезде күн сәулесіне шағылысып, көздің жауын алады. Иесі қозғалғанда, олар әсем дыбыстар шығарып, сұлу қыз, кермаралдай керілген келіншектердің әсем жүрісіне үн қосып, ару сын мен сыйпатын одан әрі ажарлай түседі. Қазақ халқы әйелдердің сұлу шашын ертеден-ақ жоғары бағалаған. Осыған байланысты әдет-ғұрыптар, тыйымдар туған. Шашыңды отқа тастама, шашыңды жайма, шашыңды қима деген тыйымдар бар. Жас әйелдің шашын маңдайдан айырып, екі бұрым етіп өрген соң оның арасын бір сүйемдей етіп ұшынан бір-біріне жалғайды, бұл «жұбымыз жазылмасын» деген ақ тілек белгісі. Ал, қыздар бұрымын дара өреді, бір-біріне жалғамайды.

- «Рухани жаңғыру» кабинетінің жоспарына сәйкес аталмыш іс-шара шаш өру өнеріне арналды. Қыз балалар өрімнің түрлерін үйреніп, шашбау мен шаштеңге түрлерін ажырата білді. Оқушылар сарайының педагогтары оқушыларға көктем мерекесі қарсаңында сыйлыққа шашбау мен шаштеңге сыйлады. Шеберлік сыныпқа 60-қа жуық оқушы қатысты, – деді Асем Аипова.

Түсініктемелер қосу