Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23418359
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8039 20616 8039 23122973 309785 322822 23418359 Сіздің IP: 216.73.217.112
Уақыт: 2026-08-17 11:23:56
|
Республикалық конкурстың жеңімпаздарын құттықтаймыз!
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Сырмақ» ұлттық қол өнер студиясының тәрбиеленушілері 17 ақпаннан 11 наурыз аралығында Қарағанды қаласында өткен VI-ші ашық Республикалық «Өркен» балалар бейнелеу және сән-қолданбалы өнер конкурсының жеңімпаздары атанды. Аталмыш конкурс балалардың көркем шығармашылығын насихаттауға, дарынды балаларды анықтап, қолдауға, шығармашылық және педагогикалық тәжірибе алмасуға бағытталған. «Менің таңғажайып әлемім» «Сәндік – қолданбалы өнер» номинациясында Адуова Жансая 1-ші орын, Жолдасбек Аянат және Еркасова Дильназ 2-ші орынға, Мукатова Амира, Қадыр Мариям, Нурлан Камила 3-ші орынға ие болды. Ахметова Зинира, Апушева Дильназ, Дүйсенғали Аружан, Дюсенғали Гаухар «Қызықты жұмыстар» номинациясы бойынша дипломға қол жеткізді. «Сырмақ» студиясының жетекшісі Жагслах Дәуірбек жеңімпаздарды дайындаған үшін дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз! |














