Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12653799
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
8692
17782
112748
12290016
347964
367470
12653799

Сіздің IP: 54.196.105.235
Уақыт: 2024-03-29 18:04:58

Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер конкурсы

Конкурс изобразительного и декоративно- прикладного искусства Конкурс изобразительного и декоративно- прикладного искусства
Конкурс изобразительного и декоративно- прикладного искусства Конкурс изобразительного и декоративно- прикладного искусства

Ұлы Отан соғысы Жеңістің 76-жылдық мерейтойына орай М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Бұл Жеңіс күні» атты қашықтықтан бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер конкурсын ұйымдастырды. Байқаудың басты мақсаты - ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және ата-бабалар мен олардың жасаған ерліктерін балалар мен жасөспірімдердің бойына сіңіру, оларға құрметпен қарауға ықпал ету.

 

Сұм соғыстың өткеніне қарамастан, Ұлы Отан соғысы туралы естелік біз үшін әрдайым өзекті болып қалуы тиіс, өйткені Ұлы Отан соғысы оқиғалары туралы тарихты сақтап қана қоймай, оларды өскелең ұрпаққа айтып беру өте маңызды.

Қашықтықтан өткен суреттер конкурсына 132 жұмыс қабылданды. Оқушылар соғыстың қиын-қысту кезеңін ақ қағаз бетіне тамаша бейнелеп берді. Бұл көрмеде халықтың ащы зары, Бауыржан Момышұлы және Алия Молдағұлова туралы суреттер салып, сонымен қатар Соғыстан кейін Бейбітшілік заман туралы бейнеледі. Байқауға қатысушылар өз суреттерінде ардақты ардагерлерге алғыс, құрмет білдірді.

Сәндік-қолданбалы шығармашылықта аппликация, қағаз пластикасы және квиллинг техникасы түріндегі жұмыстар ұсынылды. Жеңіс отшашулары, соғыс күндері, шайқаста шаршаған танкист, бейбіт аспан – бұл шығармашылық жұмыстардың тақырыптары. Түрлі коллаждар, әскери хаттар, ашық хаттар, Жеңіс гүлдері, батыр қалалар және тағы басқалар өздерінің көп түстерімен қуантты.

 

Победители

Түсініктемелер қосу