Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12644924
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
17599
29268
103873
12290016
339089
367470
12644924

Сіздің IP: 3.93.59.171
Уақыт: 2024-03-28 23:39:30

Жас суретшілер «Кел, балалар, оқылық» жобасында

Юные художники на проекте «Кел, балалар, оқылық» Юные художники на проекте «Кел, балалар, оқылық»
Юные художники на проекте «Кел, балалар, оқылық» Юные художники на проекте «Кел, балалар, оқылық»

2023 жылдың 16-27 қаңтар аралығында Павлодар қаласында «Кел, балалар, оқылық» атты  кәсіби бағдар беру жобасы өтті. Жоба ұйымдастырушысы танымал режиссер Куаныш Бейсеков.
Жоба кинематографияның ең өзекті бағыттарының бірі болып табылатын кадрлық анимацияға арналған.

Юные художники на проекте «Кел, балалар, оқылық» Юные художники на проекте «Кел, балалар, оқылық» 


Планшеттер арқылы анимациялық сурет салуды оқушыларға үйреткен Бішкектің суретші – иллюстраторы Чынгыз Асаналиев, шығармашылық бойынша шеберлік-сабақтар жүргізген Куаныш Бейсеков.
Осыған дейін еліміздің әр өңірінен оқушылар кастингтен өткен болатын. Аталмыш сурет салу додасына 80 қатысушыдан 20 оқушы өтті. Оның ішінде М.М.Катаев атындағы «Палитра» бейнелеу студиясының тәрбиеленушілері бар.
Анимация бойынша Жумабекова Дилара, Свиридова Алиса, Маршала Оксананың жұмыстары жоба ұйымдастырушыларымен жоғары бағаланды.
Жоба аяқталған соң қатысушыларының жұмыстары арнайы клипке шығарылады.
-Мен бүкіл өмірімді осындай жобаларға арнауға дайынмын. Мен өзімнің түсірілім тобыммен балалардың шығармашылық әлеуетін ашу мақсатында өңірлер мен ауылдарды аралаймын. Олардың өмірін белгілі бір шығармашылық мамандықтар, мысалы: режиссерлік, сценография, би, музыка, вокал бағыттарын дамытқым келеді, – деп атап өтті режиссер және сценарист Қуаныш Бейсеков.  
Оқу барысында балалар іс-шаралар ұйымдастырып, қысқы ойындар ойнап, боулингке барды.  
-Кастинг болған күні бізге жартылай жемістің және жануардың суретін салу тапсырылды.  Мен авокадо және мысықтың суретін салып, Мяуавокадо деп атадым. Курста мен анимация жасауды, графикалық планшеттің көмегімен иллюстрациялар салуды, фотошоптың негіздерін үйрендім, - деді Свиридова Алиса.
"Кел, балалар, оқу" жобасының қатысушылары сыйлыққа сертификаттар, электронды планшеттер, худилер, логотипі бар сөмкелер алды.
- Мен тәрбиеленушілерімді мақтан тұтамын. Олар электронды планшетпен жұмыс істеудің жаңа технологияларын үйренді, анимациялық бағытпен, шығармашылық қызметті ұйымдастырудың ұжымдық формаларымен танысты, - деді «Палитра» бейнелеу студиясының жетекшісі Васелина Дмитриева.

 

Түсініктемелер қосу