Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12920350
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
17249
24442
99023
12623686
238803
375712
12920350

Сіздің IP: 3.138.125.139
Уақыт: 2024-04-28 16:48:18

«Менің аяулы анам»

«Менің аяулы анам» «Менің аяулы анам»

Жақында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында  аналар мейрамы қарсаңында оқушылар сарайының жас суретшілерінің  «Менің анам ең сұлу» тақырыбында  сурет көрмесі болып өтті. Көрмеге ұсынылған отыздан астам  кескіндеме және графика туындылары бейнелеу өнері студияларының  қорынан алынды. Онда «Сымбат», «Палитра», «Алиса» студияларының қылқалам шеберлерінің қолынан шыққан туындылар өнер сүйер қауымның қызығушылығын тудырып,көңілінен шықты.Үйірмешілердің шығармашылық еңбектерінде сан алуан тақырыптар қамтылған, әсіресе  аяулы аналар тақырыбындағы  салынған  суреттер ерекше көзге түседі. Көрмеге қойылған туындылардың басым көпшілігінен алуан түрлі гүлдерді және  ана мен баланы үйлесімділікпен бейнелегенін аңғаруға болады. Көрмеге қатысушылардың жасы 5-12 жас аралығында. Ең жақсы жұмыстар дипломдармен марапатталды. Бұлар «Сымбат» бейнелеу студиясының үйірмешілері: Ахмет Нұрбек, Ғайнулла Арайлым және «Алиса» шығармашылық бірлестігінің үйірмешілері Алексеенка Валера, Перамитина Алена. Көрме оқушылар сарайының үшінші қабатында орналасқан барлық  көрем деушілерге есігі ашық.

Түсініктемелер қосу