«Қылқаламмен жазылған естелік»
- Подробности
-
Категория: Эстетика бөлім
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
«Память, переданная кистью»
|
«Память, переданная кистью»
|
9 мамыр қарсаңында «Палитра» бейнелеу өнері студиясы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған V Халықаралық шығармашылық жұмыстар байқауына қатысты.
Жас суретшілер өз жұмыстарында батырларымызға деген алғысын, мақтанышын және терең құрметін шынайы сезіммен жеткізе білді. Әрбір сурет – өткенге жолданған жүрекжарды хат секілді, мағынаға толы, әсерлі әрі шынайы болды.
Байқау жеңімпаздары:
Гран-при — Попович Анастасия
1 орын — Абдразақова Элина, Искужинова Жасмин
2 орын — Әбенова Айлана, Реснянская Полина
3 орын — Червинская Есения, Багиденова Альсафи
«Палитра» студиясының тәрбиеленушілері салған ерекше жұмысқа қазылар алқасы ерекше назар аударды. Графика және акварель техникасында орындалған бұл суретте – майдангердің терең әрі ойлы көзқарасы бейнеленген портреті композицияның орталығында орналасқан. Бұл – бастан кешкен қиындықтар мен ерліктің бейнесі. Батырдың айналасындағы үшбұрышты хаттар – соғыстың үнсіз куәгері іспетті. Сол хаттардың бірінде – ұрпақтар арасындағы байланыс пен соғыс туралы естелікті бейнелейтін әсерлі жолдар жазылған.
«Бұл жұмыс өзіндік композициясымен, эмоциялық тереңдігімен және тарихи нақтылығымен ерекшеленді. Ол тек көркемдік жағынан ғана емес, рухани мазмұнымен де бай. Әр көрермен бұл суретке қарап, әрбір сарбаздың тағдыры мен бейбітшіліктің құны туралы ойға қалары анық», – деді «Палитра» студиясының жетекшісі Васелина Дмитрева.
Бұл жоба – өнер арқылы тарихи жадымызды сақтап, оны болашақ ұрпаққа жеткізудің жарқын үлгісі.
Түсініктемелер қосу