Өнер — тәрбие бастауы: Оқушылар сарайында облыстық семинар өтті
- Подробности
-
Категория: Эстетика бөлім
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Искусство — источник воспитания: в Дворце школьников прошёл областной семинар
|
Искусство — источник воспитания: в Дворце школьников прошёл областной семинар
|
Бүгін М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында қосымша білім беру педагогтеріне арналған облыстық семинар өтті.
«Адал Азамат» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл шараның тақырыбы — «Қосымша білім беру жүйесіндегі эстетикалық тәрбиеге заманауи көзқарастар».
Семинардың теориялық бөлімінде педагогтар эстетикалық тәрбиенің өзекті мәселелерін талқылап, өздерінің авторлық тұжырымдарымен бөлісті:
• Латыпова Расиля Джаудатовна («Қайнар» кешені) материалмен жұмыс істеу арқылы баланың ішкі үйлесімділігін дамыту жолдарын ұсынды.
• Хумарбай Балапан (Ақтоғай өнер мектебі) киіз үйдің құрылымы мен оның сәндік ерекшеліктеріне тоқталып, ұлттық кодты сақтаудың маңызын айтты.
• Мухаметкалина Гүлнар Мерғалиқызы (Павлодар қ. Көркемсурет мектебі) 4–9 жас аралығындағы бүлдіршіндермен жұмыс істеудің кәсіби құпияларын ашты.
• Сундукова Светлана Сергеевна (Тереңкөл ауылы, Оқушылар үйі) сәндік-қолданбалы өнерді бала тәрбиесінің басты құралы ретінде қарастырды.
Сондай-ақ, семинар барысында бірнеше шеберлік сынып ұйымдастырылды:
• «Қолдағы жылу. Кішкентай формалар арқылы сұлулық сезімін тәрбиелеу» (Керамикалық әшекей — «Күз: қарапайымдылық арқылы сұлулыққа») — Латыпова Расиля Джаудатовна, «Қайнар» кешені.
• «Ермексазды ерекше техникамен мүсіндеу: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық потенциалын дамыту» — Нигматуллина Лилия Сабиржановна, «Балшуақ» бөлімі, ЦДЮТ «Жігер».
• «Үйірме жұмысы арқылы эстетикалық тәрбиенің заманауи әдістері» — Каллемова Алмагуль Кайроллиновна, Потанинская СШ, Аққулы ауданы.
• «Қосымша білімде заманауи керамика: пласт әдісімен қоңырау жасау» — Витренко Анастасия Андреевна, М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының педагогі.
• «Декоративті бұйымдарды жасау үшін дәстүрлі емес материалдарды шығармашылық қолдану» — Сулейменова Гульмира Бекетовна, «Креатив К» студиясы.
М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының эстетика бөлімі ұйымдастырған бұл семинар педагогтер үшін кәсіби шыңдалу алаңы ғана емес, сонымен қатар рухани серпіліс болды. «Адал Азамат» тұжырымдамасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар ертеңгі күннің талғамы биік, өнерлі де парасатты ұрпағын тәрбиелеуге бағытталған.
Ұстаздың шеберлігі мен баланың қиялы ұштасқан жерде нағыз өнер туады. Оқушылар сарайының ұжымы осындай игі істердің ұйытқысы болып қала бермек.
Түсініктемелер қосу