Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар20837694
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8003 18322 26325 20557598 171418 433954 20837694 Сіздің IP: 216.73.216.219
Уақыт: 2026-01-13 15:14:39
|
«Декупаж» деген не?
19 қаңтарда облыстық Оқушылар сарайында «Декор»студиясының жетекшісі Елена Леонидовна Мирзоян екінші жыл оқитын тәрбиеленушілермен ашық сабақ өткізді.Тақырыбы: «Декупаж» техникасында сәнді-қолданбалы жұмыстарды орындау ерекшелігі». Сабақтың негізгі мақсаты:декупаж техникасында сәндеу заттарды орындау ерекшеліктерімен таныстыру және бейнелілік ойлау элементтері арқылы «Декупаж»салфеткалық техникасының бастапқы кезеңнің тәсілдерін бекіту. Сабақ барысында оқушылар декупаж не екенін білді,қолданбалы өнердің бұл түрі қалай, қашан, неге пайда болды, Ресейде өнердің бұл түрі қашан енді, қазіргі уақытта «декупаж»өнеріне деген көзқарас қандай, салфеткалық техника арқылы қандай үстіңгі қабатты сәндеуге болатының білді. Практикалық бөлім өткізу кезінде оқушылар ағаш,шыны,керамика және металл заттарды декупаж техникасында рәсімдеуге тырысты. Жұмыстар өте ашық және ерекше орындалды. Қорытындысында мұндай жұмыс саны тоғыз болды, әр қайсысы туралы балалар әңгімелеп берді. |














