Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12645069
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
17744
29268
104018
12290016
339234
367470
12645069

Сіздің IP: 3.88.60.5
Уақыт: 2024-03-28 23:56:26

«Жауынгер портреті»

Областной конкурс детских рисунков «Портрет солдата» Областной конкурс детских рисунков «Портрет солдата»

23 сәуір күні Павлодар облысында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70-жылдығына арналған «Город Мастеров» балалар бейнелеу шығармашылығы  жобасы шеңберінде «Жауынгер портреті» атты облыстық балалар сурет конкурсы өтті.

М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы өткізіп отырған, конкурстың басты мақсаты Ұлы Отан соғысындағы батырлар туралы естеліктерді сақтау, балалар бойында патриотизм сезімін тәрбиелеу, балалар шығармашылығын дамыту және насихаттау, бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімдерінің педагогикалық іскерліктерін марапаттау.

Конкурста 7-16 жас шамасындағы жалпы білім беру мектептері, көркем студиялары мен мектептерінің оқушылары және Павлодар, Қашыр, Лебяжі, Ертіс, Павлодар ауданы, Успен, Ақтоғай және Железин аудандарының аула клубының оқушылары қатысты.

Сурет көрмесінде  конкурс тақырыбына сай барлығы 79 сурет ұсынылды, олар: «Соғыс жолдарында», «Бұл Жеңіс күні», «Ардагерлер ешқашан қартайған емес», «Біздің жүрегімізде жауынгерлердің ерлігі ұмытылмас».

Областной конкурс детских рисунков «Портрет солдата» Областной конкурс детских рисунков «Портрет солдата»

Балалар өз суреттерінде Ұлы Отан соғыс адагерлеріне деген өздерінің аса құрметін, майдан даласындағы шайқасты, жауынгерлердің демалыс минуттеріндегі көңіл-күйлерін, жеңіс қуанышын, балалар мен соғыс ардагерлердің кездесуін айқын көрсетті.

Қазылар алқасы құрамына №2 Павлодар көркем мектебінің директордың орынбасары Степанко Раиса Петровна, №1 көркем мектебінің оқытушысы Балин Алексей Александрович, облыстық Оқушылар сарайының «Сымбат» бейнелеу студиясының жетекшісі Е.А.Каркавина., олар бейнелеу сауаттылығы мен конкурс тақырыбының идеясы және мазмұны арқылы тақырыпты ашу тарапынан ең үздік жұмыстарды бағалады.

Конкурстың қорытындысы бойынша №25 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы «9 Мамыр – Жеңіс күні» атты жұмысы үшін Шыңғыс Токобаев гран-приге ие болды, жетекшісі Қуанышбекова Айгуль Сәкенқызы.

7-9 жас ерекшелік категориясында облыстық Оқушылар сарайының «Сымбат» бейнелеу студиясының оқушысы «Идёт солдат по городу» атты суреті үшін Лиза Пинова I-ші орынға ие болды, жетекшісі - Каркавина Елена Александровна. II-ші орында №1 павлодарлық балалар көркем мектебінің оқушысы Егор Есенко «Герой» жұмысы үшін болды, жетекшісі - Масленникова Инна Владиславовна. III-ші орынды Павлодар №14 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы «Песня» суреті үшін Даша Богомолова иеленді, жетекшісі - Иваненко Людмила Викторовна. 

10-14 жас ерекшелік категориясында I орынды «Жігер» павлодарлық балалар-жасөспірім клубының тәрбиеленушісі «Связь времён» атты суреті үшін Зыков Миша иеленді, жетекшісі - Серенькова Анастасия Николаевна. II-ші орынды павлодарлық балалар-көркем мектебінің оқушысы «Ветеран войны» атты суреті үшін Алина Попова иеленді, жетекшісі - Пернебаева Сауле Бейбітханқызы. III-ші орында Павлодар №41 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Сарасекина Даша, «Защитник Родины» атты суреті үшін иеленді, жетекшісі Голофастова Людмила Ивановна.

14-16 жас ерекшелік категориясында I орынды Ертіс балалар өнер мектебінің оқушысы «Этот День Победы» атты суреті үшін Абигузина Камила иеленді, жетекшісі – Агеева Нина Николаевна (Еріс ауданы).
II-ші орынды Ақтоғай ауданы өнер мектебінің оқушысы, Алпысбай Гульжазира «После боя» атты суреті үшін иеленді, жетекшісі - Каиргельдинов Мұрат Дюсенұлы. (Ақтоғай ауылы). III-ші орынды – Қашыр ауданы, Песчан ауылының жетім балаларға арналған арнайы жалпы білім беру мектебінің тәрбиеленушісі Ахметов Сайран «После боя» атты суреті үшін иеленді, жетекшісі - Аксёнова Галина Анатольевна.

Он жеті оқушының жұмысы өзіндік орындағаны үшін ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

«Жауынгер портреті» атты балалар сурет көрмесі Оқушылар сарайында 11-ші мамырға дейін жұмыс жасайды.

Түсініктемелер қосу