Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12654493
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9386
17782
113442
12290016
348658
367470
12654493

Сіздің IP: 54.242.96.240
Уақыт: 2024-03-29 19:50:17

«Көктемгі вернисаж - 2015»

«Весенний вернисаж - 2015» «Весенний вернисаж - 2015»

13  мамыр күні М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Көктемгі вернисаж - 2015» атты  бастаушы шеберлер арасында шаштаразшылар өнерінің қалалық конкурсы өтті. Конкурсты ұйымдастырған Оқушылар сарайының «Стиль» жас шаштаразшылар үйірмесі және «Престиж» стилистер мектебі. Конкурстың мақсаты жастарды шаштар үлгісін жасау өнеріне баулу, кәсіби дағдыларын жетілдіру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Конкурсқа 28 жас шебер қатысты: Павлодар политехникалық және қызмет көрсету саласы бойынша колледждерінің студенттері, облыстық Оқушылар сарайы «Стиль» шаштараз өнерінің үйірмесі мен «Престиж» стилисттер мектебінің оқушылары. Жарыс барысында қазылар алқасы мүшелерінің назарына үш номинациясы бойынша 33 үлгі ұсынған болатын: «Ең үздік әйелдердің сәндеп жасалған шашы», «Ең үздік шаш қию үлгісі» және «Ең үздік авангардтық шаш үлгісі». «Ең үздік авангардтық шаш үлгісі» номинациясында ең көп үлгі ұсынылды (15 үлгі), «Ең үздік әйелдер шаш үлгісі» номинациясында – 6 үлгі, «Ең үздік шаш қию үлгісі» номинациясында- 12 үлгі болды. Шебердің әрбір күрделі шаш үлгісін алдын ала ойластырып, эскизінің суретін салып, төрт ай бойы оның орындалуын тәжірибе түрінде көрсетті. Қазылар алқасына «Только ты» сұлулық салонының әмбебап-шебері Вохминцева Анжелика Геннадьевна, «Джоли» салонының әйелдер шебері және визажисті Ремнева  Дарья және «Чародейка» сұлулық салонының әмбебап-шебері Кока Ирина Петровна енді. Олар болашақ шеберлердің шығармашылық ойларын, шаш үлгілерін ұқыпты орындалуын, таңдалған бейнелерге модельдің сәйкестігін бағалайды.

«Весенний вернисаж - 2015» «Весенний вернисаж - 2015»

Конкурс қорытындысы бойынша  гран-при және  I орынды «Ең үздік әйелдер шаш үлгісі» номинациясында Оқушылар сарайының «Стиль» шаштараз өнер  үйірмесінің оқушылары Ильченко  Елена және Матвеенко  Александра иеленді, жетекшісі Леденёва  Евгения Владимировна. «Ең үздік әйелдер шаш үлгісі» номинациясында II орынды политехникалық колледжінің студенті Рахимжанова Дамира ие болды, жетекшісі Саранчина Лариса  Юрьевна. III орында – Оқушылар сарайының «Престиж» стилистер мектебінің оқушысы Копанева Настя, жетекшісі Фирсова Татьяна Сергеевна. «Ең үздік шаш қию үлгісі» номинациясында I орынды қызмет көрсету саласы колледжінің студенті Павлова  Ирина иеленді. Iiорында-политехникалық колледжінің студенті Полстянова Яна, жетекшісі Саранчина Лариса  Юрьевна.  III орында-Оқушылар сарайының «Стиль» шаштараз өнері үйірмесінің оқушысы Ходько  Ангелина, жетекшісі Леденёва  Евгения Владимировна. «Ең үздік авангардтық шаш үлгісі»  номинациясында I орынды Оқушылар сарайының «Стиль» шаштараз өнері үйірмесінің оқушысы Пересветова  Аня иеленді, жетекшісі  Леденёва  Евгения Владимировна. II орында–политехникалық колледжінің студенті Қуандық Гүльнара, жетекшісі- Саранчина Лариса  Юрьевна.  III орында–Оқушылар сарайының «Арт-студия» оқушысы Апсаликова Зарина, жетекшісі Булич Анжелика Витальевна.

«Весенний вернисаж - 2015» «Весенний вернисаж - 2015»

Шаштараз өнерінің қалалық конкурсына қатысу–олардың болашақ стильші-шаштараз мамандығын менгеруде  бастаушы шеберлер үшін бірінші баспалдағы болып саналады.

Түсініктемелер қосу