Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12802857
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
34
5749
22929
12574557
121310
375712
12802857

Сіздің IP: 18.117.162.80
Уақыт: 2024-04-19 00:06:08

«Педагогикалық шеберлік - 2015»

«Педагогическое мастерство - 2015» «Педагогическое мастерство - 2015»

Оқу жылының соңында облыстың педагогикалық қызметкерлері өздерінің бірегей инновациалық тәжірибелерін, өз зерттеу қызметінің әзірлемелерін, жалпақ жұртшылыққа өздерінің қайталанбас дарынын ашатын облыстық байқау өткізу тамаша дәстүрге айналды.

Биылғы жылы байқаудың сырттай іріктеу кезеңінен өткен 13 аудан мен қалалардан 91 өкіл қатысты. Қатысушылардың көбі Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан, Железин және Ертіс аудандарынан болды.

Бұл конкурсқа М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының педагогтары «Сырмак» қолданбалы ұлттық өнер үйірмесінің жетекшсі Жагслах Дәуірбек Жаксылыққызы және «Қаламгер» балалар баспасөз үйірмесінің жетекшісі Аипова Әсем Серікқызы қатысты.

Жагслах Дәуірбек Жаксылыққызының тақырыбы «Қосымша білім берудегі инновациалық жоба» номинациясында «Ұлттық шығармашылық бағыттағы қосымша білім беру педагогының жұмыс жүйесі».

Бұл авторлық бағдарлама балаларды қолданбалы өнерге, тоқымашылық өнерге үйретеді. Жұмыстың тиімділігін ұйымдастыру үшін шебер ұстаз арнайы станогын істеп шығарды. Жагслах Дәуірбектің жұмысы ең үздік атанып 1 дәрежелі дипомға ие болды.

Жас ұстаз, Әсем Аипова Серікқызы «Қаламгер» балалар баспасөз үйірмесінің бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарламаның негізгі бағыттары балалар журналистикасы мен радиожурналистика. Оқушылар бұл үйірмеде алған білімдерінің нәтижесінде «Сенің әлемің – Твой мир» балалар облыстық газетін шығарып, Павлодар облыстық радиосында «Жас тілші» хабарын дайындайды. Бұл конкурста педагог 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Педагогикалық шеберлік» байқауы бұл – ең перспективті инновациялық жобаларды анықтап, оларды жүзеге асыруға жол ашатын тәжірибе алмасуға және пікірталасқа арналған орын.

Ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

Түсініктемелер қосу