Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12856595
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1429
9603
35268
12623686
175048
375712
12856595

Сіздің IP: 18.118.30.253
Уақыт: 2024-04-25 08:41:08

X Республикалық «Қазақстан-жаңа әлемде» суреттер конкурсы

X Республиканский конкурс рисунков «Қазақстан-жаңа әлемде» X Республиканский конкурс рисунков «Қазақстан-жаңа әлемде»

2015 жылдың мамыр айында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы бейнелеу өнерінде қабілеттері бар балаларды анықтау және олардың көркемөнер және шығармашылық қабілеттерін арықарай дамыту мақсатында X Республикалық «Қазақстан-жаңа әлемде» атты суреттер конкурсын өткізді. Бұл конкурс Қазақ хандығының құрылуына 550-жыл толуына байланысты және Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына, Қазақстан Ұлттар Ассоциясының құрылуына 20-жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Конкурстың басты бағыттары кескіндеме, графика, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер болып табылады. Жұмыс  тақырыптары ««Қазақстан – біздің ортақ үйіміз»,  «Біздің әлемде бейбітшілік пен келісім үшін»,  «XXI  ғасырда достық пен келісім үшін», «Әрбір жүректе – туған ел»,  ««Қазақстан - 2050» стратегиясы»,  «Жеңіс күні», «Елімнің тағдыры, отбасымның тағдыры», «Соғыс балалар көзімен», «Отан үшін!», «Қазақ хандары тарихта», «Менің елімнің тарихы», «Керей және Жанібек»  болды.

X Республиканский конкурс рисунков «Қазақстан-жаңа әлемде» X Республиканский конкурс рисунков «Қазақстан-жаңа әлемде»

М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайынан 18 жұмыс жіберілді, олардың ішінен 5 сәндік-қолданбалы (коллаж техникасында, тері және аппликациясы бойынша) және 13 жұмыс бейнелеу өнері бойынша болды.

Конкурс қортындысы бойынша «Кескіндеме» номинациясында I-ші дәрежелі дипломмен «Палитра» бейнелеу студиясының тәрбиеленушісі Қаратай Диас марапатталды, жетекшісі Дмитриева Васелина Александровна.

III–ші дәрежелі дипломмен «Живопись» номинациясы бойынша «Сымбат» бейнелеу студиясының тәрбиеленушісі Красникова Александра марапатталды, жетекшсі Каркавина Елена Александровна.

II–ші дәрежелі дипломмен «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша «Декор» студиясының оқушысы Путинцева Алина марапатталды, жетекшсі Мирзоян Елена Леонидовна.

II–ші дәрежелі дипломмен «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша «Сырмақ» ұлттық қолданбалы өнер үйірмесінің оқушылары Кульмагамбетова Жанар және «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша III-ші дәрежелі дипломмен Қайдар Саяжан марапатталды, жетекшісі Жагслах Дәуірбек Жақсылыққызы.

X Республиканский конкурс рисунков «Қазақстан-жаңа әлемде» X Республиканский конкурс рисунков «Қазақстан-жаңа әлемде»

Оқушылар Сарайының тәрбиеленушілері 1 бірінші орын, 2 екінші орын және 2 үшінші орындарға қол жеткізді.

Ұстаздар қауымымен оқушыларды құттықтай отыра, болашақта шығармашылық табыс тілейміз!

Түсініктемелер қосу