Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12787180
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2998
4254
7252
12574557
105633
375712
12787180

Сіздің IP: 18.217.67.225
Уақыт: 2024-04-16 13:13:33

Балалар жазған аңыз

Легенды, которые пишут дети Легенды, которые пишут дети

2015 жылы 11 қараша күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында  «Ұлы даланың аңызы» атты конкурс-фестивалінің іріктеу туры өтті. М.Катаев атындағы облыстық оқушылар Сарайының шығармашылық ұжымдары аталмыш байқауға қатысып, бірнеше номинациядан жеңіске жетті.

Дизайн-студия «Креатив» және «Стиль» шаштаразшылар студиясының жетекшілері Лаура Сыздықова мен Евгения  Леденева  бұл фестивальге  бірігіп қатысты. Тігін студиясының қыздары көпшілікке қазақ ұлттық киімдерінің бес түрін паш етті. Жас сәнгер қыздардың бейнелерін әсемдеу үшін, шаштараз студиясының қыздары көмекке келді. Конкурстың қортындысы бойынша оқушылар Сарайының қыздары  «Этносән» номинациясы бойынша I-ші орынға ие болды.

Легенды, которые пишут дети Легенды, которые пишут дети

Оқушылар сарайы «Жас екпін» домбыра ансамбілі көрермендерді этникалық күймен қуантты. «Ұлы даланың этникалық әуені» атты номинациясында жетекшілер Алтын Кенжиханова,  Қуаныш Райымбеков, Мади Кенжеханов  және төрт баланы құраған оркестр III-ші жүлделі орынды иеленді.

Оқушылар сарайының омбудсмендер мектебінің оқушылары,  үш тілде өткен «Білгірлер бәйгесі» зияткерлік конкурсына қатысты. Жарыстың тақырыбы «Еуразия халықтарының этномәдениеті». Сонымен қатар жас заңгерлер «Теңге алу», «Алма жинау», «Арқан тарту» атты ұлттық ойындарға қатысты.

Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері «Алма жинау», «Арқан тарту» атты ұлттық жарыс қортындысы бойынша I және III орындарды қанжығасына байлады.

Құқық клубтарының жетекшілері Айжан Оразбаева  мен  Динара Жаканова командаларды жақсы дайындаған үшін алғыс хаттарға ие болды.

«Ұлттық-қолданбалы өнердің мұрасы» атты номинациясында «Сырмақ» ұлттық – қолөнер студиясының балаларына I-ші дәрежелі диплом тиесілі болды. Осы студияның жетекшісі Дәуірбек Жақсылық және студия оқушылары әр-түрлі техникада орындалған көрмеге он жұмыс дайындады.

Іс-шара «Заманауи өмірде этномәдени білім берудің мәселелері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында өтті. 2016 жылдың 27 қаңтарында конкурстың екінші қорытынды кезеңі өтеді.

 

Түсініктемелер қосу