Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17660417
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 2194 14147 72067 17356200 111896 468472 17660417 Сіздің IP: 3.149.24.115
Уақыт: 2025-05-10 02:40:48
|
Ақ қағаз бетінде қыс келбеті
Оқушылар сарайы «Сымбат» және «Палитра» бейнелеу студияларының тәрбиеленушілері қылқаламдарын алып, түрлі-түсті қағаз бетіне қыс келбетін салды. 2016 жылдың 8 қаңтар күні «Қысқы оюлар» атты жыл сайын өтетін бейнелеу өнерінің көрмесі ашылды. Эстетикалық тәрбие беру бөлімінің 20 жас суретшісінің өнерлерін Оқушылар сарайының әр-түрлі студияларының 50-ге жуық тәрбиеленушілері тамашалады. Балалар қағаздан жасалған шыршалар, қарлы үйлер, Аяз ата мен Ақшақар осының барлығы ерекше әдемі болып, жаңа жылдық тақырыпқа орай ұйымдастырылды. 2016 жылдың қаңтар айының аяғына дейін барлық көрермендерге бұл жаңа жылдық сұлулықты тамашалауға болады. 2015 жылдың, желтоқсан айында «Жаңа жылдық калейдоскоп» атты сән-қолданбалы жұмыстардың көрмесі өткен болатын. «Сымбат», «Палитра», «Сюрприз» және «Сырмақ» студияларының тәрбиеленушілері жаңа жылдық тақырыпқа түрлі аппликациялар, квиллинг және жұмсақ ойыншықтар жасады. |