Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар20717349
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3509 10690 3509 20469268 51073 433954 20717349 Сіздің IP: 216.73.216.91
Уақыт: 2026-01-05 07:54:17
|
«Антарес» клубының тәрбиеленушісі спутниктің ұшу траекториясын анықтады
«Антарес» астрономия клубының тәрбиеленушісі Қобланды Еренғайып «Зерде» зерттеу жұмыстар мен шығармашылық жобалардың іріктеу кезеңінде М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайын таныстырды. «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталықтың облыстық жобасы Павлодар қаласының №25 мектебінде, 1-7 сыныптары үшін 4-ші қараша күні өткізілді. Қобланды Еренғайып «физика және техника» секциясында «Расчёт траектории полёта геостационарного спутника» атты шығармашылық жобасымен III-ші орынға ілікті. Ендігі кезекте жас ғалым, облыстық кезеңнің басқа да жеңімпаздармен Павлодар облысының атын Республикалық жарыстарда қорғайды. - Оқушылар сарайының материалдық-техникалық базасын қаланың басқа да мектептері өзінің жобалары үшін пайдалана алады, - дейді «Антарес» астрономия клубының жетекшісі. «Экомир» шағын-хайуанаттар бағында «Коронадо» сәулелі телескопты пайдаланып, «Влияние Солнца на живые организмы» атты ғылыми жұмыс жүргізілді. Бұл жұмысты Павлодар қаласы №3 дарынды балаларға арналған гимназиясының оқушысы Айжан Тусупова көрсете білді. Бұл жоба «биология және химия» секциясында II-ші орынға қол жеткізді. |














