Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12808679
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
5856
5749
28751
12574557
127132
375712
12808679

Сіздің IP: 18.117.148.105
Уақыт: 2024-04-19 18:28:56

Павлодардың жас астрономдары – Ресейде үздік атанды!

Известные астрофизики России слушали павлодарских ребят Известные астрофизики России слушали павлодарских ребят
Известные астрофизики России слушали павлодарских ребят Методист Дворца школьников провела республиканскую родительскую конференцию в Павлодаре

М.М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Антарес» жас астрономдар командасы Новосібірдегі «Малая Медведица» атты ашық  астрономиялық олимпиадасында болып қайтты.  Ресей Федерациясының бұл қаласында 5 - 8 ақпан аралығында Минск, Қазан, Новосібір, Томск, Иркутск, Мәскеу, Бийск, Киров, Симферополя,  Ижевск қалаларының   жаратылыстану ғылымдарының  әуесқойлары жиналды.  Қазақстаннан жалғыз ғана барған   павлодарлық жас ғалымдары халықаралық ғылыми жарысқа қатысты.

Известные астрофизики России слушали павлодарских ребят Известные астрофизики России слушали павлодарских ребят
Известные астрофизики России слушали павлодарских ребят Методист Дворца школьников провела республиканскую родительскую конференцию в Павлодаре

«Малая Медведица» олимпиадасының бірінші кезеңіне қатысу «Антарес» клубының тәрбиеленушілері үшін сәтті аяқталып, оқушылар ақтық турға өтті. Жарыс 4 турдан тұрды: жеке, практикалық, теориялық және командалық кезең. Бұл кезеңде барлық сегіз сайыс қатысушылары қатысушы димпломдарымен марапатталды және де зерттеу жұмыстарының екінші кезеңдегі топтық есепте 1 орынға ие болды. Сайыстың зерттеу жұмыстарының екінші бөлімінде павлодарлық балалардың «Жер типті планеталар үшін жылжымалы ғарыш аппараты» атты жобасы 1 орынға ие болды. Оны Еренғайып Қобыланды мен Алексей Беличенко команданың қатысушылары қорғады.

Планетарийдегі толық күмбезді сеанс фильмдерін көрді, Новосібір қаласы бойынша эскурсияға, хайуанаттар бағына, Технологиялық саябағына, «Галилео» сауықтыру саябақтарына барды, олимпиада қатысушылар мен команданы ұйымдастыру жетекшілері үшін қызықты бағдарламалар дайындалды.

Известные астрофизики России слушали павлодарских ребят Известные астрофизики России слушали павлодарских ребят
Известные астрофизики России слушали павлодарских ребят Методист Дворца школьников провела республиканскую родительскую конференцию в Павлодаре

- Мен атақты астрофизиктердің дәрістеріне қатысып, астрономия мәселесіне арналған дөңгелек үстелде пікір алмастым - деді «Антарес» клубының жетекшісі Гүлнар Баубекова.

– Мен өзімнің Ресей және Белорусия еліндегі әріптестеріме біздің аймақтағы астрономияның танымалдылығы туралы, біздің оқушылар қатысқан іс-шаралар жайлы, «Антарес» клубы тәрбиеленушілерінің жетістіктері туралы ақпар бердім.

«Малая Медведица» олимпиадасын ұйымдастыруға Астрономиялық халықаралық қоғамы, Ресейдің планетарий қауымдастығы, РҒА астрономиясы бойынша ғылыми кеңесі, Үлкен новосібірлік планетарийі, жастардың білім беру ғарыш орталығы (Жұлдызды қалашығы) және Новосібір қаласының білім беру департаменті қатысты.

 

Түсініктемелер қосу