Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12852544
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
6981
19617
31217
12623686
170997
375712
12852544

Сіздің IP: 3.17.6.75
Уақыт: 2024-04-24 12:33:15

Оқушылар сарайының сайты жүлдеге ие болды

Оқушылар сарайының сайты жүлдеге ие болды Оқушылар сарайының сайты жүлдеге ие болды
Оқушылар сарайының сайты жүлдеге ие болды Оқушылар сарайының сайты жүлдеге ие болды

2017 жылғы 5 маусым күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында өткен «Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты» облыстық байқауында М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының сайты «Мемлекеттік тілдегі білім беру ұйымының үздік сайты» бағыты бойынша ІІ орынға қол жеткізді.

Байқау Павлодар облысының білім беру басқармасы, тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және облыстық ақпараттық технологиялар орталығымен бастамасымен өткен болатын.

Байқаудың мақсаты мемлекеттiк тілдегі бiлiм беру Web-ресурстарының толық масштабты жұмыс жасауын қамтамасыз етуге мүмкiндiк туғызу, мемлекеттiк тiлдi дамыту басымдылығын нығайту болып табылады.

Осы жылы байқау бағыттарына өзгерістер енгізіліп, «Мемлекеттік тілдегі білім беру ұйымының үздік сайты», «Мемлекеттік тілдегі білім беру ұйымының үздік сайт парақшасы», «Мемлекеттік тілдегі сайттың үздік мобильді нұсқасы» мен «Мемлекеттік тілдегі әдістемелік бірлестіктің және жеке ұстаздың үздік сайты» атты жаңа бағыттары бойынша өткен болатын.

Оқушылар сарайының сайты 2010 жылы Joomla атты әлемдегі ең танымал және қуатты қозғалтқыштар көмегімен іске қосылып, оз оқырмандарына қызмет атқарып келеді. Күн сайын жаңартылып, толықтырылады. Тарихынан бастап Оқушылар сарайының үйірмелерінің жұмысынан, ұстаздары мен оқушылары туралы қажетті ақпаратты мемлекеттік тілде алуға болады.

Айта кетсек, Оқушылар сарайының сайты аталмыш байқауға 2015 жылы қатысып «Ең мазмұнды сайт» атты номинациясы бойынша марапатталған еді.

Байқаудың ақтық кезеңіне облыс білім беру ұйымдарының 37 web-ресурсы қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және құңды сыйлықтармен марапатталды.

Түсініктемелер қосу