Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17488451
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 23240 43066 121357 17154813 408402 426494 17488451 Сіздің IP: 3.133.59.209
Уақыт: 2025-04-25 23:26:56
|
Павлодарлық Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері Шымкент қаласында өткен балалар кинофестивалінің жеңімпаздары атанды
Оқушылар сарайы «Луч» шығармашылық бірлестігінің екі тәрбиеленушілері Данеля Галлямова мен Аспандияр Бекмырза «Дети Казахстана в мире без границ!» атты республикалық шығармашылық фестивалінде екінші орынға қол жеткізді.
Білім және ғылым Министірлігінің қолдауымен өткізіліп отырған фестивальге елімізден 160-тан аса дарынды балалар жиналды. Павлодарлық балалар келесі жеті номинация бойынша қысқа фильмдерді дайындады: «Stop-motion бейне», «Деректі фильм», «Ойын киносы», «Видео-арт», «Музыкалық бейнеклип», «Әлеуметтік жарнама», «Анимация». Павлодарлық жүлдегерлер Аспандияр мен Данеля уақыттың барлық өтпелі кезеңі және өзгермелілігі туралы көркем фильм дайындады. - Өз кинонды түсіру үшін, ең алдымен, үлкен тілек, теориялық білімдер, техника, пікірлестер және батылдық қажет, - дейді «Луч» шығармашылық бірлестігінің басшысы Даулет Даибарбаев. - Адам баласы туған кезде ерлік пен батылдық берілсе, біздің шығармашылық ұжымда бұл қасиеттер тәрбиеленеді, сыныпта балаларыма кино өнімі туралы қажетті барлық негізгі білімді өзім беремін, біз әрдайым пікірлеспіз, ал техниканың барлық түрімен қамтылғанбыз. Сондықтан номинациялардың ішіндегі бізге бұйырған екінші орын, біздің күш-жігеріміздің нәтижесі деп ойлаймын. «Дети Казахстана в мире без границ» атты шығармашылық кинофестивалі Оңтүстік Қазақстанда облысында тұңғыш рет өтті. |