Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар12878648
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 18895 4587 57321 12623686 197101 375712 12878648 Сіздің IP: 3.146.152.99
Уақыт: 2024-04-26 23:59:13
|
Ғарыштық техниканың авторлары – балалар
Павлодарлық Оқушылар сарайы «Антарес» астрономиялық клубының тәрбиеленушілері «Первый шаг к великому изобретению» атты республикалық инновациялық идеялар конкурсының жеңімпаздары атанды. Аталмыш конкурс Қарағанды қаласы М.Нурмаков атындағы дарынды балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында өткен болатын. «Антарес» астроклубының жетекшісі Гульнар Баубекованың айтуынша аталмыш додаға республикамыздың түпкір-түпкірінен 160-тан астам балалар қатысқан еді. Павлодар облысының намысын қорғаған «Антарес» командасынан тоғыз қатысушы болды. Конкурс қортындысы бойынша үшінші дәрежелі дипломмен Алимжан Гумран және Қобланды Еренғайып марапатталды. Алимжан әскери техниканың макеті – электромагниттік атқышты дайындады. Бірақ автордың айтуынша бұл құралды ғарышта қолдануға болады. Ал Қобланды болса «Тенгри» атты ғылыми-зерттеу полигонын жасаған еді. Қобландының бұл жасаған өнертапқышы қуат пен жанармайды үнемдейді. Жуық арада Оқушылар сарайында «Антарес» клубының бастамасымен астрономдар слеті өтеді. Бұл слеттің ережесі Оқушылар сарайының сайтында жарияланады. |