Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12654849
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9742
17782
113798
12290016
349014
367470
12654849

Сіздің IP: 44.193.77.196
Уақыт: 2024-03-29 20:46:03

Ғарышқа апарар жол

Ключ к развитию космонавтики Ключ к развитию космонавтики
Ключ к развитию космонавтики Ключ к развитию космонавтики

Ағымдағы жылдың ақпан айында облыстық Оқушылар сарайының «Антарес» астрономдар клубының жетекшісі Гүлнар Баубековаға Қазақстанда Жалпыресейлік астрономия пәні бойынша бақылау жұмысын өткізідің мүмкіндігі туды. Аталмыш білім беру жобасы алғаш рет Мәскеу планетариясында 2016 жылдың күз айында өткен болатын.

2018 жылы Новосібір қаласының үлкен планетариясы астрономия пәнінен бақылау жұмысын өткізудің орталығы болды. Барлық өткен бақылау жұмыстарының хаттамалары осы орталыққа жіберіледі. Бұндай бақылауларды өткізудің орындары өте кең. Ең алғаш рет Қазақстан жерінен білім беру мекемесінен Павлодар қаласы М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайы болған еді. Жобаға «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері, Павлодар қаласының әуесқой жас астрономшылары қатысқан еді. Оқушылар сарайының білім беру акциясына Көкшетау, Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының мектептері қашықтан қатысты. Барлығы 110 оқушы бақтарын сынады. Бақылау жұмысының тапсырмаларын танымал астрономдар, астрономия пәнінің оқытушылары және ғылыми қызметкерлері, сонымен қатар Ресейдің ғарышкер-батыры Александр Иванович Лазуткин дайындаған болатын. Қатысушылар жеті тапсырманы қамтыған, жеті бөлімнен тұратын тестіні орындау керек болды. Бақылауға қатысқан оқушыларға күрделі математикалық есептерді шығару керек деген талап қойылмады. Күн жүйесінің құрылысы, жұлдыздар, кометалар мен метеорлар, ғарыш саласының тарихы туралы білімдері тексерілді. Ғылыми-зерттеу жұмысында белсенділік танытқан үшін «Антарес» астроклубының жетекшісі мен ең үздік тәрбиеленушілері Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығына экскурсияға шақырылды.

Түсініктемелер қосу