Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12802128
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
5054
6835
22200
12574557
120581
375712
12802128

Сіздің IP: 3.145.186.173
Уақыт: 2024-04-18 21:59:21

Жас павлодарлықтар «Жеңіс вальсін» биледі

Жас павлодарлықтар «Жеңіс вальсін» биледі Жас павлодарлықтар «Жеңіс вальсін» биледі
Жас павлодарлықтар «Жеңіс вальсін» биледі Жас павлодарлықтар «Жеңіс вальсін» биледі

2018 жылдың 4 мамыр күні М. М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының алаңында оқушылардың орындауында Ұлы Жеңіс туралы сүйікті әрі танымал әндер шырқалып, Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 73-жылдығына арналған «Жеңіс вальсі» атты мерекелік бағдарлама болды.

Жас павлодарлықтар «Жеңіс вальсін» биледі Жас павлодарлықтар «Жеңіс вальсін» биледі
Жас павлодарлықтар «Жеңіс вальсін» биледі Юные павлодарцы исполнили «Вальс Победы»

Бұл мерекелік іс-шараға ардагер-педагогтер, Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары, мектеп оқушылары, қала тұрғындары қатысты. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында өмірлерін пида еткен батырлар үшін, оқушылар Жеңіс вальсін билеп, өскелең ұрпақ бейбітшілік үшін күрескен ата-бабаларға тағзым етті.

Биылғы жылы Павлодарлық Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері бүкіл халықтың ерлігін және соғыстың аяқталуын бейнелейтін «Жеңіс вальсі» атты флеш мобты алғаш рет өткізіп отыр. Аталмыш шараға Оқушылар сарайының «Вдохновение», «Анастасия», «Блэйз» үлгілі би студияларының биші қыздары мен Павлодар қаласының кадет мектеп-интернатының тәрбиеленушілері 80-ге жуық би жұбы болып, вальіс биін тамаша биледі.

Жеңіс вальсі орындалған кезде Павлодар музыкалық коледжінің оркестрі «Жеңіс күні» вальсін орындады.

- Бейбітшілік туралы сөз қозғасаң, соғыс туралы айт дейтін жақсы нақыл сөздер бар, - дейді флешмобтың ұйымдастырушысы, Оқушылар сарайының көркем өнер және қойылым бөлімінің меңгерушісі Марина Билая. – Жылдар өте келе ардагерлеріміз арамыздан кетіп бара жатса да, біз жастар оларды еске алып осындай флешмобтарды жалғастырып отырамыз.

Біздің жерлестеріміз, павлодарлықтар майданнның барлық жерлерінде күресті. Олар Ленинградтан Кавказға дейін, аты аңызға айналған Брест қамалын қорғап, Днепрді мәжбүрлеп, Молдавия үшін шайқасқа түсті. Олардың мазарлары Гитлердің фашизімді құлдықта ұстаған еуропалық елдердің жерінде де бар. Бірталай павлодарлықтар Берлинге дейін жеткен еді. Павлодар Ертіс өңірінің 10 мыңнан астам жауынгерлер әскери-шараларға қатысқан үшін ордендер және медальдармен марапатталды. Павлодар облысынан Қызыл Армияға 46 мыңнан астам адам жұмылдырылып, олардың 22 мыңы майданнан оралмады. Әрбір жанұяның өз кейіпкерлері бар, және олардың есімдері қаншама уақыт өткеніне қарамастан ұмытылмауы тиіс.

Соғыс туралы естеліктер бізге өте қасиетті. Бұл біздің бейбіт өмірімізге ерекше мән беріп, шындықты түсінуге, халықтың бірлігі мен ерік-жігерін еркіндікке бөлейді. Жылдар өтсе де, жас ұрпақ жеңіске жеткен ата бабаларының алдыңда мәңгі қарыздар.

Біз қазақстандықтар, ХХI ғасырдың ұрпақтары, батырлардың немерелері олардың бізге берген ерліктеріне лайық болуымыз керек. Соғыс сабақтарын ұмыту дегеніміз біздің болашағымыз үшін күреске шыққан бабаларды сатып кету. Қиын жолмен келген жеңісті өскелең ұрпақ білуі тиіс және мәңгі есіңде сақтау керек.

Оқушылар сарайының және кадет мектеп-интернатының тәрбиеленушілері ауа райына қарамастан бұл күні ата-бабаларымыздың, аталар мен әжелеріміздің, әке-шешелеріміздің ұрпақтарына шексіз алғыспен «Жеңіс Вальсін» тамаша орындады.

«Жеңіс вальсі» аяқталған соң Оқушылар сарайының жас әншілері мен бишілері Жеңіс күніне арналған концерттік бағдарламаны паш етті. Сахына төрінен Оқушылар сарайының «Жас даурен», «Арман шоу», «Дебют», «Айдар-ай» ән ұжымдары соғыс туралы, «Ана туралы баллада», Роза Рымбаеваның «Әлия» әндерін керемет шырқады.

Түсініктемелер қосу