Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12653536
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
8429
17782
112485
12290016
347701
367470
12653536

Сіздің IP: 44.200.182.101
Уақыт: 2024-03-29 17:27:32

Жаңа оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесі

Первый педагогический совет нового учебного года Первый педагогический совет нового учебного года
Первый педагогический совет нового учебного года Первый педагогический совет нового учебного года

13 қыркүйек күні М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында 2018-2019 оқу жылына арналған «Адами капиталдың даму факторы ретінде қосымша білім беру сапасын жақсарту» атты ең алғашқы педагогикалық кеңес өтті.

Педагогтар өткен оқу жылының жемісті жұмысы туралы түсірілген бейнефильмнің үзінділерінен байқады. «Қосымша білім беруде М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының инновациялық қызметі» атты баяндамасымен Оқушылар сарайының басшысы Алма Ерубаева сөз алды. Ол өткен оқу жылының қортындысын баяндап, Оқушылар сарайы педагогтарының және шығармашылық ұжымдардың жетістіктері туралы ақпар беріп, жаңа оқу жылының жоспарын айтып берді.

Первый педагогический совет нового учебного года Первый педагогический совет нового учебного года
Первый педагогический совет нового учебного года Первый педагогический совет нового учебного года

2017-2018 оқу жылында Оқушылар сарайында 4263 тәрбиеленуші білім алатындығын айтты. Жыл сайын білім беру қызметінің сұранысы артып, топтар мен студиялардың саны көбейуде.

Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары 51 халықаралық, республикалық және облыстық деңгейде өткізілген конкурстарға қатысып, оның ішінде 213 жүлделі орындарға қол жеткізді. Айта кетсек, оның 12-сі бас жүлде, 98 – бірінші орындар, 53- екінші орындар, 47 – үшінші орындар және 3 кубок бар. Мамыр айының басында Оқушылар сарайында БАҚ бойынша бөлім және «B-Like» каналы іске қосылды. Бейімдеп оқыту бойынша басшының орынбасары Гүлнәр Жанғазы Оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру – болашаққа көзқарас» атты бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Ғылым және техника бөлімінің меңгерушісі Айтжамал Жумажанова «Жаңа цифрлық технологиялар – заманауи қосымша білім берудің негізі, робототехниканың, бағдарламалаудың, 3D – модельдеудің кеңінен таралуы» бойынша баяндама оқып, Bala-business стартап-жобасының, балалар техно-саябағының, бизнес-инкубаторлардың дамуы туралы сөз қозғады.

Жаңа оқу жылының басында Оқушылар сарайының әдіскерлерінің әзірлеуімен өскелең ұрпақты тәрбиелеу бойынша аймақтық Тұжырымдаманың жобалары аймағымыздың барлық білім беру мекемелерінде қолданысқа енгізілді. Бұл туралы әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Баглан Ашенова айтып берді.

«Жобалардың стартап аукционы» туралы Оқушылар сарайының әдіскері Айжан Оразбаева өткізді. Педкеңестің қатысушылары инновациялық жобаларды талқылады. Аукцион лотының қортындысы бойынша Оқушылар сарайы ғылым және техника бөлімі «Оқушылар сарайында энергия үнемдеу» жобасы бойынша жеңімпаз атанды.

Педагогикалық кеңес дәстүрлі ұстаздардың марапаттауымен аяқталды.

ҚР Білім министрлігінің құрмет грамотасымен Оқушылар сарайы бұқаралық жұмысы бойынша меңгерушісі Алмагуль Бекбулатова, Білім басқарамасының алғыс хатымен Сайран Ахантаева, Айтжамал Жумажанова, Мария Билая, Бибигуль Рспаева, Динара Капаровалар марапатталды.

Еске сала кетсек, қосымша білім беру саласы биыл 100 жылға толып отыр. Барша әріптестерді мерейтоймен және оқу жылының басталуымен құттықтаймыз.

Түсініктемелер қосу