Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12640882
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
13557
29268
99831
12290016
335047
367470
12640882

Сіздің IP: 54.81.33.119
Уақыт: 2024-03-28 17:26:29

Жас өнертапқыштар инновациялық жобаларын ұсынды

Юные изобретатели представили свои инновационные проекты Юные изобретатели представили свои инновационные проекты
Юные изобретатели представили свои инновационные проекты Юные изобретатели представили свои инновационные проекты

25 қыркүйек күні М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында Павлодар облысының Білім басқармасының бастамасымен «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқаудың облыстық кезеңі өтті. Аймағымыздың жоғары оқу орындары мен колледж және мектеп оқушылары арасынан 50-ге жуық қатысушы техникалық модельдеудің 9 бағыты бойынша жұмыстарын ұсынды.

Юные изобретатели представили свои инновационные проекты Юные изобретатели представили свои инновационные проекты
Юные изобретатели представили свои инновационные проекты Юные изобретатели представили свои инновационные проекты

Техникалық көрмеге «Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру» бойынша және және жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетиканы дамыту саласындағы жобалар көп болды. Қазылар алқасына үздік жұмыстарды таңдау қиынға соқты, өйткені барлық жобалар өте қызықты еді. Мысалы, Ысқақов Баязеттің «Сұйық және ұсақ материалдар деңгейлерін қашықтықтан басқару жүйесі» жұмысы есте қаларлық болды.

Бұл жоба жүйе деңгейлерді қашықтықтан өлшей алады, өлшеу нәтижелерін индикаторда көрсетіп, белгіленген мәндерге қатысты олардың жоғарылауы немесе төмендеуі туралы сигнал беріп, сонымен қатар өнеркәсіпте де, күнделікті өмірде де төтенше жағдайларды анықтай алады.

Баязет ПМУ-нің «Электротехника и автоматизация» кафедрасының радиоэлектроника үйірмесінде тәлім алады. Баязеттің жұмысы бас жүлдеге ие болды.

Павлодарлық монтаждау колледжінің студенті Артем Кирковтың жұмысы үздік деп танылды. Артем автомобильдерді тұтату жүйесінің тегеуішін жасаған болатын. Стенд қазіргі таңда жұмыс істейді, жүйені апаттық түрде өшіру мүмкіндігі қарастырылған. Артемнің де жұмысы бас жүлдеге ие болды. ИНЕУ-нің жоғары колледжінің студенті Роман Бобконың жұмыс өте қызықты болды. Роман өз жобасында сымдар мен электр желілерін пайдаланбай электр энергиясын беру әдістерін жасап өте өзекті тақырыпқа көңіл бөлген.

Байқау қортындысы бойынша Павлодар облысының құрама командасына Искаков Баязет, Кирков Артем, Троян Леонид, Унрау Артем, Дорохин Андрей, Беличенко Алексей, Потапов Евгений, Актионов Марк, Бобко Роман енген болатын.

Жас өнертапқыштарға қазан айында Талдықорған қаласында өтетін Республикалық инновациялық идеялар конкурсында сәттілік тілейміз!

Түсініктемелер қосу