Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23709619
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5346 15816 34407 23422659 21162 579883 23709619 Сіздің IP: 216.73.216.228
Уақыт: 2026-09-02 09:45:00
|
Дариға Назарбаева «Жас Ұлан» балалар жасөспірімдер ұйымының көшбасшыларын құттықтады
2019 жылдың 1 қараша күні М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Жас Ұлан» және «Жас кыран» қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Іс-шараның құрметті қонақтары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрайымы Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева, Павлодар облысының әкімі Болат Бакауов, облыстық және қалалық маслихаттың депутаттары және қоғам қайраткерлері болды.
Қонақтар балалар-жасөспірімдер ұйымының жаңа көшбасшыларына галстуктерді тақты. Балалар елі мен жеріне адал болуға, үлкен адамдарды сыйлауға, табиғатты аялап өтуге ант беріп, «Жас Ұлан» ұйымының әнұранын орындады.
- Алдарыңа зор мақсат қойып, асу белестерге жетуге тырысыңдар! Бұл таным жолы сендердің бақыттарын мен Отанымыздың гүлденуі үшін табысты жол болсын! Сендердің қажырлы еңбектерін және таланттарын нағыз көшбасшы болып қана қоймай, келешекте еліміздің табысты дамуының кепілі болатынына сенімдімін,- деп тілегін білдірді Дариға Назарбаева.
Бұл күні Оқушылар сарайында «Жас Ұлан» қатарына – 50 оқушы, «Жас кыран» қатарына – 20 оқушы қабылданды. |














